Бүгін: 04 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

2020 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму міндеті және 2019 жылғы ауыл атқарушы органдардың жұмыс нәтижесі туралы Голубовка ауылы әкімі Ж.Қаламовтың халық алдындағы есебі ТЕЗИСІ

Басты Билiк есеп бередi Тезистер 2020 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму міндеті және 2019 жылғы ауыл атқарушы органдардың жұмыс нәтижесі туралы Голубовка ауылы әкімі Ж.Қаламовтың халық алдындағы есебі ТЕЗИСІ

2019-12-23

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аймақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлестіруде атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Біздің мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша өткізілетін барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері, бұл атқарушы органдардың тек өткен жыл ішіндегі жұмыстарды қорытындылау қана емес, сонымен қатар таяудағы жылдарға арналған ауылды дамыту келешегін белгілеу мүмкіндігіде болып табылады.

Голубовка ауылы 56,5 мың шаршы метр аймақты алады. Ауылда аула саны 270 құрайды, 994 адам тұрып жатыр.

  1. Ауылшаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы

Ауылшаруашылығының тауар өндірушілері 47,8 мың га аумақта астық жинады, жалпы алым 47,7 мың тонна, өнімділік 10,0 ц/га құрады. Майлы дақылдар 1749 га аумақта жиналды, жалпы алым 1049 тонна, өнімділік 5,0 ц/га құрайды.

Ауылдың машина-трактор саябағы 251 бірлік ауылшаруашылығы техникасын құрайды. «Абай» атындағы ЖШС 7 бірлік заманауи ауылшаруашылығы техникасын сатып алды.

  1. Мал шаруашылығы

Ауылшаруашылығы малдары және құстары басының саны ІҚМ - 2635 бас, оның ішінде сиыр – 1332 бас, қой және ешкі – 1065 бас, жылқы – 1627 бас, шошқа – 192 бас, құстар – 4184 дана құрады.

Анықтама: Ауыл бойынша 227 аула жеке қосалқы шаруашылықты жүргізумен айналысады, 49 үй шаруашылығы мал және құс ұстамайды.

III. Кәсіпкерлік

Ауылда ауыл қалыптастыруш кәсіпорын «Абай» атындағы ЖШС, 10 қожа шаруашылығы, 1 АӨК және 9 жеке кәсіпкер қызмет етеді. «Абай» атындағы ЖШС ауылшаруашылығы өнімін жасап шығаратын наубайхана (өнімділігі – жылына 33 тонна) және ет өңдеу бойынша цех екі объектісі жұмыс істейді.

  1. Білім беру

Абай ЖОББМ 110 бала білім алады, шағын орталықтағы тәрбиеленуші балалар саны 35 баланы құрайды.

Мектепте 1-4 сынып арасындағы балаларға, оның ішінде нашар қамтылған отбасы, жартылай жетім, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға «Абай» атындағы ЖШС директоры Миллер Н.А. демеушілік көмегі есебінен 100 % тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Білім беру бағдарламасын табысты орындау мақсатында ағымдағы жылы 6,5 млн. теңге жалпы сомасына бюджеттік қаражат есебінен маңызды іс-шаралар жүргізілді: «Teacher office» кабинеті ашылды, бейнебақылау жүйесі орнатылды, мектеп алдын және спорт залының жұмсақ жабынын ағымдағы жөндеу, мектеп аймағын абаттандыру.

  1. Мәдениет

Ауылдық мәдениет үйінде 35 адам жұмыс істейтін 4 клубтың қалыптасуы қызмет етеді. Теннис үстелі, шахмат жинағы, дойбы ойнау және тоғыз құмалақ орнатылған. Тұрақты негізде үстел теннисі бойынша турнир, еркін күрес, волейбол, баскетбол жарыстары өткізіліп тұрады. МҮ жанында бокс залы жұмыс істейді.

Үлгілі ауылдық кітапхана жанында «Coworking» орталығы жұмыс істейді: Кітап қоры 20600 дана, қазақ тілінде 6051 дана. Кітапханада 520 ауыл тұрғындары оқырман, кітап беру 12135 мың дана, жылына 6050 келушілер құрылға.25 іс-шара өткізілді, жасөспірімдерге арналған «Отан» экологиялық клубы жұмыс істейді.

  1. Әлеуметтік қорғау

Халықты әлеуметтік қорғау барлық билік құрылымы жұмысының маңызды басымдығы болып табылады.

Ауыл аймағында 106 зейнеткер өмір сүреді, аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер тоқсан сайын тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді төлеуге материалдық көмек алады. Барлық топтағы мүгедектер 19 адам.

Тұрмысы қиын өңірлерден қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде 4 отбасы қоныс аударды, жалпы саны 14 адам, оның ішінде 6 бала.

«Абай» атындағы ЖШС әлеуметтік осал санатындағы халыққа, ЖШС жұмысшыларына, мектеп оқушыларына және шағын орталықтың мектепке дейінгі жастағы балаларға 1,2 млн. теңге сомасына тамақтандыруға азық-түлік түрінде материалдық көмек көрсетілді.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізіне 3 адам оқытылды: Эркинов Адхамжан, Торебаев Азизбек, Ақмұрзаев Амирхан. Эркинов Адхамжан «Жас шебер» бағдарламасына қатысты, мал шаруашылығымен айналысуға 200 АЕК мөлшерінде грант алды.

Үшінші бағыт бойынша «Сатурн» ҚШ бір әлеуметтік жұмыс орны құрылды. Қоғамдық жұмыстарда 3 адам қатысты.

VII. Денсаулық сақтау

Ақсу қаласынан жылжымалы медициналық кешені 472 адам қабылдады, хирург, көз дәрігері, тіс дәрігері, терапевт қабылдау жүргізді, зертхана кабинеті жұмыс істеді. 343 адам скринингтік қаралудан өтті. Ауыл халқы – DamuMed электронды медициналық сервис мобильді қосымшасын жетік пайдаланады.

«Флюкар» қондырғысымен қаралудан 250 ересек адам кеуде флюорографиясынан өтті.

VIII. Ауыл халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ертіс ауданының ПБ ЖПҚ полициясының учаскелік пункті ауыл әкімдігі ғимаратында орналасқан. Кәмелет жасқа толмаған балалар құқығын қорғау жөнінде комиссия құрылды және жұмыс істейді. Жыл сайын кәмелет жасқа толмаған балалар желісі бойынша жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Ауыл жастарын қатыстыру арқылы, қауіпсіздік саласында және қылмыстық және де әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу жөнінде белгілі тақырыптарда дөңгелек үстел, дәріс, семинарлар өткізіледі.

Халықтың құқықтық тәртібін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл объектілерінде және көшелерінде бейнебақылау камералары орнатылған.

  1. Байланыс-Пошта

Пошта бөлімшесі халыққа газет таратуды, зейнетақы, бюджеттік ұйымдарға жалақы беруді, несие рәсімдеуді ұйымдастырады.

Голубовка ауылының АТС 133 телефон байланысының абоненттеріне қызмет етеді, оның ішінде: сандық сымды станса және сымсыз жерсеріктік СДМА; Билайн, Актив, К-cell ұялы байланыс операторлары жұмыс істейді. Талшықты-оптикалық байланыс желісі орнатылған, ауылдың 112 үйі кең жолақты қол жетімді интернетке қосылған және 15 үй IPTV қызметіне қосылған. 37 қазақстандық канал қабылдау бойынша жерсеріктік сандық станса жұмыс істейді, 67 ОТАУ ТВ қондырғысы бар. Ауыл тұрғындарында 15 республикалық хабар тарату каналдары бар, сондай-ақ Павлодар радиосы және Қазақстан радиосы таратылады.

  1. Елді-мекенді абаттандыру

Жыл сайын елді-мекенді абаттандыру және көгалдандыру жүргізіледі. Көктем-күз кезеңінде ауыл аймағында «Абай» атындағы ЖШС қаражаттары есебінен 97500 теңге сомасына 1750, оның ішінде 100 қарағай көшеттері, 150 пирамидалық терек көшеттері, 1500 дана шырайгүл гүлдерінің екпе көшеттері отырғызылды. Гүл бақшалары жыртылды. Бюджеттік қаражаттар есебінен 242,8 мың теңге жалпы сомасына отырғызулар сатып алынды (240,0 мың теңге сомасына 40 дана қарағай; 2,8 мың теңге сомасына 300 дана қарағай).

Қазіргі уақытта ауыл бойынша көше жарықтандырудың 120 қуатты үнемдеу прожекторы жұмыс істейді.

«Абай» атындағы ЖШС есеп беру жылында өз қызметкерлері үшін 2 екі пәтерлі, 1 бір пәтерлі тұрғын үй салды және пайдалануға берді.

2020 жылға арналған ұзындығы 5,385 метр 106 112,995 млн. теңге сомасына бюджеттік өтінім (шақпатас жабыны – Ажарлы, Целинная, Абай, Озерная көшелері), жалпы ұзындығы 2,45 км 51 816,629 млн. теңге сомасына (қиыршық тас жабыны – Мира, Достық, Интернациональная, Степная – 1 учаске, 2 учаске, Цветочная - 1 учаске, 2 учаске).

Жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚҚА қаражаттары есебінен ескерткіштерді ағымдағы жөндеу жүргізілді (сырлау, сарбаз аналар есімдерімен мәрмәр тас орнатылды), қоршауларды сырлау, мекенжай тақтайшасы, жол белгілері, көше аншлагтары орнатылды. Кіру стеллаларын ағымдағы жөндеу жүргізілді, билборд орнатылды. Абай ЖОББМ аймағы жайластырылды (тас төсеуіштер қаланды және алдыңғы бөлік қоршалды). Тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ашық сумен жабдықтау құдықтарына арналған есік сатып алынды және орнатылды.

  1. Азаматтардың өтініші және

мемлекеттік қызметтер көрсету

Есеп беру кезеңінде ауыл әкімінің аппаратында барлығы 31 өтініш, соның ішінде 20 жеке, оның ішінде (5 жазбаша және 15 ауызша) және 11 заңды тұлғалардан түсті. Барлық өтініштер бақылауға алынды, өтініш берушіге жауап берілді. Ауыл әкімінің аппаратында азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.

Бір мемлекеттік қызмет ұсынылды. Мемлекеттік қызмет стандарты және мемлекеттік қызмет беруге қатысты ақпарат ауыл әкімдігінде ақпараттық стендте орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін тіркеу және қарау ауыл әкімі аппаратының үнемі бақылауында.

XII. 2020 жылға арналған әлеуметтік-

экономикалық даму жоспары және міндеттері

Абай ЖОББМ күрделі жөндеу (жобалау-сметалық құжаттамасы бар);

Голубовка ауылының Абай ЖОББМ үшін IT-technologies кабинетін ашу;

Ішкі ауылдық жолдарды орта жөндеу жоспарлануда (жобалау-сметалық құжаттамасы бар) – ұзындығы 5,385 км. шақпатаспен жабу;

Ішкі ауылдық жолдарды орта жөндеу жоспарлануда (жобалау-сметалық құжаттамасы бар) – ұзындығы 3,031 км. қиыршықтаспен жабу;

Әлеуметтік объектілерге бейнебақылау камераларын орнату;

Целинник саябағын абаттандыру;

Екі пәтерлі тұрғын үйлер салу.

Сондай-ақ оқыңыз