Бүгін: 18 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері

Басты Білім беру Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 28 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5115 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 230 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.05.21 № 230 Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 11-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      2007 жылғы 25 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 638 бұйрығымен бекітілген

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

      2. Жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастыру бюджеттiк қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты (бiлiм беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.
      Бiлiм беру гранты Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкiлдерiне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына берiледi.
      Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      4. ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.
      Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарының (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектептің бітірушілері, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда, өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2011.05.30 № 222(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      5. Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

      6. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына қабылдау 1-қосымшаға сәйкес кешендi тестiлеудiң немесе ҰБТ сертификатындағы балдарға сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына медициналық мамандықтардан басқа ақылы негiзде қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
      Ұқсас мамандықтарға қабылдау бекітілген тізбеге сәйкес өткізіледі.
      Кәсiптiк жоғары бiлiмi бар (жоғары) азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негiзде қысқартылған мерзiмде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

      8. Екi немесе одан көп елдер арасында мемлекетаралық келiсiмдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде белгiленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде жүзеге асырады.
      Шетел азаматтарын ақылы негізде шетел тілінде оқытуға қабылдау жоғары оқу орындары оқыту тілінде жүргізетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      9. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде "Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 296 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.
      Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавр және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесі осы Қабылдаудың үлгі ережесінің 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      10. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн жоғары бiлiм берудiң жекелеген мамандықтары бойынша оқуға қабылдауды ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

      11. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты (бұдан былай - шығармашылық мамандықтары) қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан былай - шығармашылық емтихандар) нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      12. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
      Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
      Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.
      6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтiнiштердi қабылдау мерзiмiн тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейдi.

      13. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны - екеу.
      Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
      Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны - 25.
      Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
      Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      14. Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсу кезiнде өтiнiштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.

2. Кешенді тестілеуді өткізу

      15. Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.
      Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін азаматтарға кешенді тестілеу азаматтың таңдаған ЖОО-ға бекітілген базалы ЖОО-да өтеді.

      16. Жергілікті жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнінде мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) құрылады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      16-1. Кешенді тестілеуді өткізу технологиясының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін базалық ЖОО-ға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері (бұдан әрі - Министрлік өкілдері) жіберіледі.
      Ескерту. 16-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      17. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiшін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртекті (квитанция), 3х4 көлемiндегi екi фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн тапсырады.

      18. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

      19. Кешендi тестiлеуге келген талапкер куәлiгiн (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуi тиiс.

      20. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты пән бойынша өткізіледі.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      21. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
      Шығармашылық мамандыққа түсуші талапкерлер үшін тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      22. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
      22-1. Талапкерге бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа талапкермен ауыстыруға, көшіріп жазуға, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 22-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      22-2. Талапкер осы Ереженің 22-1-тармағын бұзған жағдайда Министрлік өкілі:
      1) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда тыйым салынған заттың тәркіленуі және аудиторияда тәртіп ережелерін бұзған талапкерлерді аудиториядан шығару туралы акт жасайды;
      2) тестілеу нәтижелерін жою және талапкерді аудиториядан шығару туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 22-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      23. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.

      24. Тестілеу нәтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптар коды ілінеді.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      25. Сертификаттарды алу үшiн өткiзiлген тест нәтижелерiн мемлекеттік комиссия тест сынағы өткiзiлген күнi жариялайды.

      26. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгiленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейiнгi үш күнтізбелік iшiнде бередi.

      27. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, кешенді тестілеуге қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір базалы ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.
      Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның талапкерге балдар қосу туралы ұсыныстардың негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.
      Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, талапкерге балдар қосу туралы Республикалық апелляциялық комиссияға ұсыныс енгізеді және оны апелляцияның қорытындылары туралы хабардар етеді.
      Апелляциялық комиссияның негізгі функциялары мен іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 шілдедегі № 350 бұйрығымен бекітілген жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде құрылатын апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

3. Білім беру грантын тағайындау тәртібі

       Ескерту. 3-тарау алынып тасталды - ҚР Білім және Ғылым министрінің 2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

4. Жоғары оқу орындарына қабылдау

      44. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткiзедi.
      Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.
      Ескерту. 44-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      45. Мемлекеттiк бiлiм беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлiк алған азаматтар, куәлiкте көрсетiлген ЖОО-ға қабылдау туралы өтiнiш бередi және ЖОО ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
      Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын тағайындау туралы куәлiгi барлар өздерi арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.

      46. Ақылы оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 50, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
      Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.
      Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдары есепке алына отырып жүргізіледі.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.06.18 N 359 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.01.21 N 14 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрықтарымен.
      46-1. Ұшқыштарды даярлайтын жоғары оқу орнына түсетін тұлғалар үшін дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясының ұшқыштарды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнына оқуына жарамдылығына медициналық қорытындыны бере отырып медициналық куәландыруы міндетті.
      Ескерту. 46-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      46-2. Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу кезінде тапсырған пәндердің біреуінен 4-балдан төмен балл алған жағдайда, талапкерлер ақылы бөлімге қабылданбайды және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға рұқсат берілмейді.
      Ескерту. 46-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      46-3. Егер, азамат екінші дәрежелі банктермен берілетін білім беру несиесін ресімдесе, ол құжаттарының сол банкте қарастырылып жатқандығы туралы тиісті анықтаманы ЖОО-ға ұсынған жағдайда оқу орнының студенттері қатарына қабылданады.
      Осы ретте оған банк білім беру кредитін ресімдеу кезеңінде білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейінгі төлеуге жататын соманы төлеу мерзімін ұзартуды ұсынады. Бірақ ол банктен анықтама алған сәттен бастап 4 аптаға жарамды.
      Ескерту. 46-3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.05.30 № 222 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      47. 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды талапкерлердің медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткiштерiн ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімімен жүргізіледі.

      48. Меншiк нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгiленген нысанда және белгіленген мерзiмде ақпаратты ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейiн 10 күннiң iшiнде қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (А.Т.Ә, мамандығы) бередi.

      49. Осы Үлгі ережеде регламенттелмеген мәселелердi ЖОО-ның қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.