Бүгін: 21 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Медициналық қызмет сапасы

Медициналық қызмет көрсетудің сапасына қанағаттанбаған, көңілі толмаған жағдайда, немесе медицина қызметкерлеріне басқаша шағымдары болса, жоғары сапалы медициналық қызметті талап етіп, жоғары тұрған денсаулық сақтау ұйымдарына Заңға сәйкес, осы талаптарды қарап, шешім қабылдауды сұрауға құқы бар.
Бұл процессті жүргізу үшін арнайы өңделіп, қарастырылған нормативтік базалар болады.
Үндеу жекелік немесе ұжымдық болуы мүмкін және ауызша немесе жазбаша формада енгізіледі. Азаматтар үндеуді беру де басқа тұлғамен өкілеттеуге құқы бар. Жасы жетпеген немесе қабілеттілігі жоқ тұлғалар заңды өкілдерімен үндеуді бере алады. Үндеу лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға жіберіледі.
Азаматтар өтініштерін, шағымдарын, пікірлерін, сұраныстарын мемлекеттік тілде, халықаралық тілде, өз ана тілінде немесе басқа тілде де өзі сөйлей алатын бере алады. Жауап мемлекеттік немесе халықаралық тілде қайтарылады.
Азаматтардың өтініштерін қарау мерзімі
Азаматтардың үндеуін ұйымға түскен уақыттан бастап бір ай ішінде қарап және шешім шығару керек, ал қосымша тексеру мен үйренуді талап етпейтін үндеулерге кем дегенде  15 күн беріледі. Ал қосымша тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, тиісті ұйымдардың басшылығы тағы да 15 күнге тексеруді ұзартуы керек. Құзырлы ұйымға түскен үндеуде, қойылған сұрақтарды шешу рұқсат етілмеген жағдайда, кем дегенде 5 күн ішінде тиісті ұйымдарға жіберіледі.
Азаматтардың өтініштері мына жағдайларда қаралмайды:
·   егер үндеу жасырын атпен жазылса;
·   өтініш берушінің психикалық ауруы туралы мәлімет болса, ол болған жағдайды түпкілікті бағалай алмайды.
Өтінішті қарау   Комитеттің құзырына кірмейтін болса,   өтініш берушіге 5 күн ішінде хабарланып, нақты ұйымдарға жіберілуі тиіс.
 
Азаматтардың өтініштерін қарау комиссиясы 
Азаматтардан сапасыз медициналық  көмек көрсеткені туралы мемлекеттік ұйымдарға немесе аумақтық бөлімшелеріне  алғашқы түскен үндеуді қарау үшін, аумақтық басқару Комитетінің бастығы бұйрығымен комиссия құрылады.
Азаматтардың үндеуі комиссия құруды қажет етпесе, аумақтық басқарманың мамандарының мамандық сараптамасын өткізу жолымен қарастырылады.
Арнайы комиссия  Комитеттің Төрағасының бұйрығы негізінде құрылады, келесі жағдайларда:
·   азаматтарға сапасыз медициналық көмек көрсетудегі өрескел, қиын, жанжал жағдайлардағы үндеуіне;
·   азаматтардың Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізген тексерістеріне риза болмағанда немесе келіспегенде, қателіктер қайтадан қайталанған кездегі үндеуіне;
·   Комитеттің аумақтық бөлімшелері шешпеген үндеулерге;
·   қосымша немесе қайтадан тексеруді жүргізуді қажет еткенде;
Жүйеленген комиссия құрамына Комитеттің салалық мамандары  және оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау мемлекеттік басқармасының жергілікті орындарының мамандары, ғылыми –зерттеу институттарының, ғылыми орталықтың мамандары кіреді.
 
Азаматтардың өтініштерін тексеруді тіркеу 
 
Денсаулық сақтау субьектілерінің тексерулерін тіркеу медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау Комитетімен және оның аумақтық бөлімшелерімен, сол сияқты Комитеттің аумақтық ұйымдарының құқықтық статистикасымен және ҚР Бас прокураторасының арнайы есебімен жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлік субьектіні тексеретін мамандар бақылау ұйымдарының басшылығы бекіткен тексеруге тағайындалған кесімді(актіні) , қызметтік куәлігін және тексеру жоспарын көрсетуі керек.
 
Тексеру қорытындысымен өндіріп алу шараларын анықтау 
 
Тексеру барысында тиісті заңдылық нормаларына сай емес орын алған кемшіліктерді анықтауда, тексеру материалдары жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасына, сот органдарына, прокуратора органдарына және қаржы полициясына жіберіледі. Жоғарыда көрсетілген органдардың қабылдаған шараларының қорытындысы аумақтық басқару Комитетіне жіберіледі.
Жергілікті мемлекеттік органдардың денсаулық сақтау басқармасы тәртіппен өндіріп алу шараларын талқыға салып, аумақтық бөлімше тексеру материалдарын көрсетуге Комитетке жібереді.