Бүгін: 03 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Қазақстанда "Жастар жылы" басталды

Басты Ішкі саясат Жастар жылы Қазақстанда "Жастар жылы" басталды

2019-01-25

Астанада ЭКСПО көрме кешенінде Қазақстандағы "Жастар жылының" ашылуына арналған форум өтті. Форумда "Жастар жылы" ашық деп жарияланды. Салтанатты шараға үкімет өкілдері, белгілі жастар қатысты.

            Форумда түрлі салада қызмет ететін және білім алып жатқан жастар сөз сөйледі. Олар өз салаларында жеткен жетістіктерін баяндап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "жастардың жетістікке жетіп, елге қызмет етуіне мүмкіндіктер жасағаны үшін" алғысын білдірді.

            Ертіс өңірінде де жастар тікелей эфирді көріп, назарсыз қалдырмай, өз пікірін айтты:

            – Жаңа 2019 жыл Қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев 5 қазандағы жолдауында оны  - «Жастар жылы» деп жариялаған болатын.    Елімізде "Дипломмен ауылға", "Бизнес жол картасы",  "Жұмыспен қамту - 2020", " Жоғары білім алудың қолжетімділігі  мен сапасын арттырып, студент жастардың жағдайын жақсарту" т.б. бағдарламалары  қолға алынып, еліміздің түкпір- түкпірінде жүзеге асырылып жатқандығы кездесуде айтылды.  Қорыта айтқанда, биылғы "Жастар жылы" тек еліміздің жастарына гана емес, барлық Қазақ еліне табысты жыл болмақ. – Жұман Ақжол, Қараағаш мектебі.

Сондай-ақ оқыңыз