Бүгін: 03 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Ертіс ауданының «Жасыл ел» жастар мен құрылыс жасақтарының XIV еңбек маусымының салтанатты ашылуы

Басты Ішкі саясат Жастардың саясат Ертіс ауданының «Жасыл ел» жастар мен құрылыс жасақтарының XIV еңбек маусымының салтанатты ашылуы

2018-07-09

20180628_154819

Ертіс ауылының мәдениет үйінде 28 маусым күні «Жасыл ел» жастар және құрылыс жасақтарының XIV еңбек маусымы салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатында барлық ауылдар мен ауылдық округтердің жасақтары қатысты.

         Іс-шараның басында сарбаздар «Жасыл ел» әнұранын шырқап және аудан жасағының жаңа туын ұсынды.

         - «Жасыл ел» жастар жұмыс жасақтарының жұмыс маусымының ашылуымен  құттықтаймын. «Жасыл Ел» бағдарламасына қатысу жастарға өз уақыттарын тиімді және пайдамен пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл уақытша, бірақ тұрақты табыс әкелетін жұмыс. Тек шілде айында біз 70 адамды жұмысқа орналастырдық, келесі жылы оданда көп адамды жұмыспен қамту жоспарланған – деп, аудан әкімінің орынбасары Сағынаев Ж.Б. балаларды құттықтады. Құттықтау сөзімен "Бейбітшілік" ҚҚ жетекшісі – Ыдырысов Амангелді Дюсекенұлы, Ертіс ауылының әкімі, сонымен қатар  экологиялық жасағының жұмыс басшысы – Белгубаев Қайыржан Қабаевич.

          Іс-шара жастар арасында патриотизмді қалыптастыру мен нығайтуға, олардың жеріне, ауылына, қалаға деген сүйіспеншілік идеясын қалыптастыруға және жастардың әлеуметтік пайдалы жұмысқа деген оң көзқарасына бағытталған.

         Еске салсақ, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының «Жасыл» қозғалысы 2005 жылы мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан құрылды. Қозғалыс көптеген жігерлі және қамқор жас қазақстандықтарды біріктірді, соның салдарынан республиканың барлық өңірлерінде «Жасыл ел» қызметкерлері жұмыс істейді, ал республика үшін еңбек маусымының ашылуы жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара болып табылады. Ұйымдастырушылар «Ертіс ауданының жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ.

Сондай-ақ оқыңыз