Бүгін: 03 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Байзақов ауылдық округінде футзалдан жарыс өтті

Басты Ішкі саясат Жастардың саясат Байзақов ауылдық округінде футзалдан жарыс өтті

2018-03-14

по футзалу

Астананың 20 жылдығына, Павлодар облысының 80 жылдығына, Ертіс ауданының 90 жылдығына орай, 2018 жылдың 9 мамыр күні Иса Байзақов ауылында футзалдан турнир өткізілді. Осы спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттап, спортшылардың спорттық шеберлігін дамытып кеңейтеді және де ауылдық аймақтар тұрғындарының футзалға деген қызығышулығын арттырады. Бұл турнирге 6 команда қатысты: Қызылжар, Қараағаш, Северное, Иса Байзақов ауылынан, жастар, студенттер және М.Горький атындағы мектебінің оқушыларының командасы. Турнир бастамас бұрын, аудан әкімінің орынбасары Шәріпов Болатбек Кәрімұлы  сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік пен әрі қарай жетістіктерге жетуді тіледі. Ойынның қорытынды шешуші кезеңінде  1 орынға Иса Байзақов ауылының жастары, 2 орынға М.Горький атындағы мектебінің оқушылары, 3 орынға Северный ауылының командасы тұрақтады. Жеңістің төрінен көрінген командалар мақтау қағазы және де ақшалай сыйлықтармен  марапатталды.

 Каскенов М. – Байзақов ауылдық округінің жастар саясаты мен спорт жөніндегі әдіскері

 

Сондай-ақ оқыңыз