Бүгін: 03 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Астананың 20 жылдығына арналған Викторина және мастер-класс «Бейбітшілік» ҚҚ тәрбиеленушілерімен бірге

Басты Ішкі саясат Жастардың саясат Астананың 20 жылдығына арналған Викторина және мастер-класс «Бейбітшілік» ҚҚ тәрбиеленушілерімен бірге

2018-03-03

с бейбитшилик

Астананың 20 жылдығына орай Жастар Орталығы      «Бейбітшілік» ҚҚ тәрбиеленушілерімен танымдық викторина, сондай-ақ шығармашылық мастер-класс ұйымдастырды.

Мақсаты – Отанға деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімін дамытуға, Астана қаласының тарихымен таныстыру болды. Сегіз турдан тұратын викторина Астана, Қазақстан, халық дәстүрлері мен мәдениеті тақырыбына арналған сұрақтар, жұмбақтар және шағын тапсырмалардан тұрды. Викторинаға екі команда қатысып, олардың әрқайсысы өз тапсырмасы бойынша өз астанасы туралы көп нәрсе білді. Мастер-класста қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған түсті картоннан құралған, жобаның символы – тәуелсіздікке және жаңаға ұмтылған, еркін ұшқан құс жасады.

Естеріңізге сала кетсек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы алты негізгі бағытты қамтиды: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білімді жақсарту, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы. Оның негізгі мақсаты - Қазақстанның ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту, қазіргі дарынды адамдарды танытып елге көрсету, сондай-ақ жастарды елдің мәселелеріне қызығушылығын күшейту.

Сондай-ақ оқыңыз