Бүгін: 03 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«NORTH-QUEST-2018» аудандық интеллектуалды-спорттық ойыны

Басты Ішкі саясат Жастардың саясат «NORTH-QUEST-2018» аудандық интеллектуалды-спорттық ойыны

2018-03-02

игра квест

2018 жыл әртүрлі мерейтойлық күндермен белгіленген, олардың бірі Астана қаласының республикамыздың астанасы ретінде жариялануының 20 жылдығына арналған. Северный ауылында осы мерейтойлық мерекені тойлауға дайындық барысында ҚММ «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» мен Северный а/о жастар саясаты мен спорт бойынша әдіскері – Ж.З.Макишева ұйымдастырған «NORTH-QUEST–2018» интеллектуалды және спорттық ойын өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты – патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу ғана емес, сондай-ақ білім деңгейін, Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихын, қолданбалы дене тәрбиесін, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Бұл ойында Байзақов ауылдық округінің, Майқоңыр ауылының, Северный а/о, Қараағаш ауылының жастары қатысты. Командалардың тапсырмасы бүкіл маршрут бойынша өту және қысқа уақыт ішінде 4 бақылау нүктесіндегі тапсырмаларды орындау болды. Әр нүктеден контроллер шығарған карта бойынша берілген ауданда  бағытталу керек болды.           Кез-келген ойын-квест күрделі, әдеттен тыс және қызықты тапсырмалармен қызықты. Барлық командалар «Өз астанаңды біл», «Құрт», «Жетекші», «Ойшыл» тапсырмаларын орындады.

Ең ойшыл және ұйымшыл команда I орын алған – Северный ауылының командасы, II орын алған команда – Байзақов а/о, III орын алған команда – Қараағаш ауылы.

Ойынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Квест ойынының барлық қатысушылары тамаша уақыт өткізіп және көптеген жағымды эмоциялар алды.

Сондай-ақ оқыңыз