Бүгін: 03 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Кеш-импровизация – «Қашан сарбаздар ән салады»

Басты Ішкі саясат Жастардың саясат Кеш-импровизация – «Қашан сарбаздар ән салады»

2018-02-21

импровизация

1979 ж. 25 желтоқсан күні   және 1989 ж. 15 ақпан күні – Қазақстан мен ТМД елдері үшін екі маңызды күн. Бірінші күн – Ауған соғысының жылнамасы, кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасына кіруінің басталуы; екіншісі - соңғы міндеттерін  атқарған соң, қаза тапқандарға құрмет көрсетіп, өз борышын өтеп, Совет сарбаздары өз Отанына оралды.

Совет үкіметінің әскерлерін Ауғанстан республикасынан шығаруынын 29-жылдығына арналған «Қашан сарбаздар ән салады» импровизация кешін ауылдық кітапханада Мауль О.Н. мен жастар саясаты жөніндегі әдіскері  – Мақышева Ж.З өткізді. Бұл іс-шараға 7-8 сынып оқушылары белсенді қатысып Ауғанстан елінің оқиғаларына арналған өлендерін оқып танысты.

Кешке 1968 жылы туған Ауған жауынгері Дунаев Сергей Геннадиевич шақырылды. Ол армияның естеліктерімен бөлісті, 80-ші жылғы және  қазіргі жастарын салыстырып насихаттау сөздерін айтты.

Іс-шараның мақсаты мен міндеті – отанға борыштық сезімін қалыптастыру және Ауғанстанда көрініс тапқан кеңес жауынгерлерінің ерліктерін кеңейту, мектеп оқушыларының моральдық-патриоттық тәрбиесіне ықпал ету, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, тарихты еске алу, аға буынға құрмет көрсету.

Сондай-ақ оқыңыз