Бүгін: 14 Желтоқсан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 134-30-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Басты Ертіс аудандық мәслихаты Шешімдер Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 134-30-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

2019-10-16

Павлодар облысы бойынша  Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу  тізілімінде 2019 жылғы 14 қазан күні 6572 нөмірі арқылы тіркелді

 

 

Ертіс аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

2019 жылғы 24 қыркүйек                № 197-45-6

 

 Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 134-30-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 134-30-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3786 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

1-тармағының 1) тармақшасында «150000 (жүз елу мың)» деген сандар «500000 (бес жүз мың)» деген сандарымен ауыстырылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Cессия төрағасы

 

 

            Л. Гунжель

 

 

 

Ертіс аудандық мәслихат хатшысы

 

            Б. Шингисов

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Павлодар облысының әкімі

_____________ Б. Бақауов

2019 жылғы «30» қыркүйек

 

Сондай-ақ оқыңыз