Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 130-26-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Басты Ертіс аудандық мәслихаты Шешімдер Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 130-26-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2019-08-02

Павлодар облысы бойынша  Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу  тізілімінде 2019 жылғы 1 тамыз күні 6492 нөмірі арқылы тіркелді

 

Ертіс аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

2019 жылғы 22 шілде                          № 182-42-6

                                                                                                   

Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және

Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 130-26-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 130-26-6 шешіміне (бұдан әрі - Қағида) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5988 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Қағиданың 1-қосымшасында:

1-тармақ келесі мазмұндағы 10-4) тармақшамен толықтырылсын:

«10-4) бүйректің толық екі еселеу түрі бойынша жоғарғы несеп жолдарының туа біткен даму ауытқуынан зардап шегетін адамдар;»;

2-тармағы келесі мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

«осы Тізбенің 1-тармағының 10-4) тармақшасында «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасына сәйкес 5 АЕК мөлшерінде қосымша гигиеналық құралдарды сатып алуға.»;

3 - тармақтың  тоғызыншы абзацында  «10  (он)  АЕК  мөлшерінде»  деген

сөздер мен сандар «20 (жиырма) АЕК мөлшерінде» деген сөздер мен сандарға ауыстырылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы 0шешім 0оның алғашқы 0ресми 0жарияланған 0күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                          Л. Гунжель

Мәслихат хатшысы                                                    Б. Шингисов

Сондай-ақ оқыңыз