Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Ертіс ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің Қосымша тәртібін бекіту туралы

Басты Ертіс аудандық мәслихаты Шешімдер Ертіс ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің Қосымша тәртібін бекіту туралы

2017-08-25

Павлодар облысы бойынша

Әділет департаментінде

Нормативтік құқықтық актілерді

мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2016 жылғы 4 қазан күні 5241 нөмірлі

арқылы тіркелді.

 

 

Ертіс аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

2016 жылғы 5 қыркүйек         №22-5-6

(VI сайланған, V кезектен тыс сессиясы)

 

 

 

Ертіс ауданы аумағында

бейбіт жиналыстар,

митингілер, шерулер,

пикеттер және демонстрациялар

өткізудің Қосымша тәртібін

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Ертіс ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Бұрын қабылданған Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 шілдедегі «Ертіс ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін реттеу туралы» № 18-4-6 шешімі жойылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күндер өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Кезектен тыс сессияның төрағасы                               И. Айтимбетова

 

         Аудандық мәслихат хатшысы                                     Б. Шингисов

 

 

 

 

 

Ертіс аудандық мәслихатының

                                                                                                           2016 жылғы 5 қыркүйектегі

№ 22-5-6 шешімімен бекітілген

 

 

Ертіс ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер,

шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің Қосымша тәртібі

 

  1. Ертіс ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің Қосымша тәртібі (бұдан әрі – Қосымша тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
  2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Ертіс ауданы әкімінің аппараты) беріледі.
  3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
  4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi Ертіс ауданы әкімінің аппаратында тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
  5. Ертіс ауданы әкімінің аппараты өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде 5 күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.
  6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтініш беру барысында осы Қосымша тәртіптің 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Ертіс ауданы әкімінің аппараты осы бұзушылықтарды жаңа өтініш берген кезде жою туралы ресми түрде ұсыныс береді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі өтініш түскен сәттен бастап саналады.
  7. Ертіс ауданы әкімінің аппараты басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақытын және жерін ұсынады. Қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте шешімге шағымдануға болады.
  8. Егер, Ертіс ауданы әкімінің аппараты митинг, жиналыс, шеру, пикет және де-монстрациялардан бас тартатын болса немесе тыйым салу туралы шешім шығарылса, онда ұйымдастырушылар ықтимал қатысушыларға барлық дайындық жұмыстардың күші жойылғаны туралы шаралар қабылданғаның міндетті түрде хабарлауы қажет.
  9. Ертіс ауданы аумағында митингілер мен жиналыстар өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін:

Ертіс ауылының орталық стадионында;

Ертіс ауылының Чайковский және Ысқақов көшелерінің қиылысында.

  1. Ертіс ауданы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыт-

тар белгіленсін:

Ертіс ауылының Ысқақов көшесі бойынша Чайковский көшесі қиылысынан бастап Фрунзе көшесінің қиылысына дейін;

Ертіс ауылының Карел –Полк көшесі бойынша Иса Байзақов көшесі қиылысынан бастап Қуанышев көшесінің қиылысына дейін.

  1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
  2. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

     Шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың:

көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

Ертіс ауданы әкімінің аппараты рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.

  1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрацияларды өткізу орындарында:

спирттік ішімдіктерді ішуге, есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды және олардың аналогтары мен прекурсорларын қолдануға;  

транспаранттарды, ұрандарды және басқа да материалдарды (көрнекті, аудио және видео) пайдалануға;

құрамында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға үндейтін, сондай-ақ кімнің болса да атына тіл тигізетін сөздері бар мағынада көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салынады.

  1. Пикеттер белгіленген кезендерде және өтініште көрсетілген нақты орнында міндеттеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.
  2. Пикеттеу кезінде рұқсат етіледі:

пикеттірілген объектіде тұру немесе отыру;

көрнекті үгіт құралдарын пайдалану;

пикет тақырыбына байланысты қысқа ұрандар айту.

  1. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерткен жағдайда белгіленген тәртіппен Ертіс ауданы әкімі аппаратынан рұқсат алу қажет.

Ертіс ауданы әкімінің аппараты бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.

  1. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Ертіс ауданы әкімінің аппараты бұларды өткiзуге тыйым салады.
  2. Бұқаралық шараларды мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың

тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылу-

мен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) және денсаулық сақтау мен бiлiм беру меке-

мелерiнiң жанында өткiзуге жол берілмейді.

  1. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай-ақ азаматтарында өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Ертіс ауданы әкімі аппараты өкілінің талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.
  2. Ертіс ауданы әкімі аппараты өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажетті шаралар қолданады.
  3. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасы-ның заңдарына сәйкес жауап бередi.
  4. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиiс.
  5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.

Сондай-ақ оқыңыз