Бүгін: 14 Желтоқсан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Ертіс ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы

Басты Ертіс аудандық мәслихаты Шешімдер Ертіс ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы

2017-06-29

 

Павлодар облысы бойынша Әділет департаментінде

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2017 ж. 27 маусым күні 5544 нөмірлі арқылы тіркелді.

 

Ертіс аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

(XVI внеочередная сессия, VI созыв)

2017 жылғы 2 маусым  № 61-16-6

 

 

Ертіс ауданының аз қамтылған

отбасыларға (азаматтарға) тұрғын

үй көмегін көрсету тәртібі мен

мөлшерін белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94 Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ертіс ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Ертіс аудандық мәслихатының (V шақырылған XXXII сессиясы) 2014 жылғы 29 қазандағы «Ертіс ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» №170-32-5 шешімнің күші жойылсын. (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4197 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 желтоқсандағы «Ертіс нұры», «Иртыш» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім оның алғашқа ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Сессия төрағасы                                                                        Р. Кусаинова

         Аудандық мәслихат хатшысы                                                Б. Шингисов

 

                          

Ертіс аудандық мәслихатының

                                                 2017 жылғы 2 маусымдағы

                                         № 61-16-6 шешіміне қосымшасы

 

 

Ертіс ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)

тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері

 

1 - тарау.   Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

 

  1. Тұрғын үй көмегін тағайындауды «Ертіс ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) жүзеге асырады.
  2. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) айлық жиынтық кірісіне оң пайыз мөлшерінде белгіленеді.
  3. Отбасының (азаматтың) орта жиынтық кірісі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледі.
  4. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалған есепті-нормативтік шығындарды анықтау осы қызмет түріне тарифтер негізінде жүргізіледі.
  5. Тұрғын үй көмегі оны алуға құқығы пайда болған күннен бастап, тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанға тағайындалады.
  6. Тұрғын үй көмегiн алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органға екі апталық мерзімде хабарлайды.
  7. Қазақстан Республикасында жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар тұлғаларға немесе оның отбасы мұшелеріне тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
  8. Үнемі күтімді керек ететін боп танылған мүгедектерді, сексен жастан асқан күтуді жүзеге асыратын тұлғалардан басқа; жеті жасқа дейінгі баланы, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы күтіммен айналысатын тұлғалар; жүкті әйелдер; туберкүлез, жүйке-сана аурулары және онкологиялық диспансерлерде есепте тұрған тұлғалардан басқа жұмысқа жарамды отбасы мүшесі істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскери қызметте жоқ және жұмыссыз ретінде тіркелмегендердің аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.

Уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.

Тұрғын үй көмегі жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетті азаматтарына Жұмыспен қамту бағдарламасының шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан күннен бастап қайта қалпына келтіріледі.

 

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

 

  1. Көмектің ең аз мөлшері бір тоқсанға айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің жартысынан кем болмауы керек.
  2. Тұрғын үй көмегінің мөлшері баспананы ұстау үшін және коммуналды қызметтерге аударылған төлемақы құнынан аса алмайды.

Есептеу құралдарының қызметін төлеу нақтышығындар бойынша белгіленген мөлшерлемелер шегінде жүргізіледі.

  1. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын-үй аумағының әлеуметтік мөлшері:

1) бірінші топтағы мүгедектерге, жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтарға - жалпы алаңның отыз шаршы метрі;

2) екі немесе одан да көп адамнан тұратын отбасыларға - бір адамға он сегіз шаршы метрден есептегенде, бірақ жалпы алаңнан көп емес.

  1. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін электрқуатты тұтынудың әлеуметтік шамасы адам басына тоқсан киловатты/сағатты құрайды.

 

3-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

 

  1. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен алушылардың есеп шоттарына аударылады.
  2. Азаматтарға тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады, егер оның алушысы коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi күтiп-ұстауға арналған төлемдерді мақсатты емес түрде пайдаланса және өз уақытымен жүргізбеген жағдайда.

15. Өтініш иесімен тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан толық емес жалған мәлімет ұсынылған кезде, өтініш иесіне және оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады, ал алынған қаржы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайтарылыуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз