Бүгін: 18 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Кеңес одағының батыры атағын алған жерлестеріміз

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ АТАҒЫН АЛҒАН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ

Муткенов Серікбай Мүткенов. Қазіргі Ақтоғай ауданының бұрынғы №16 ауылында 1913 жылы туған. Орталау мектептен кейін, Павлодар педагогика  училищесін сырттай оқып бітірісімен Жамбыл, Ленин, Кеңес колхоздарындағы бастауыш мектептерде сабақ берген. Қызыл Армия қатарына Ертіс ауданының Сарыбай ауылында мұғалім болып жүргенінде 1942 жылдың қаңтарында шақырылған.

Армияда ол кіші командирлер даярлайтын мектепте оқиды. Аға сержант Серікбай Мүткенов 136- атқыштар дивизиясына қарасты 342-атқыштар полкіндегі 45 мм пушка батареясында Зеңбірек командирі болады. Кеңестік Украинаны азат ету жолындағы айқастардың бірінде ерлікпен қаза тапқан жерлесімізге Кеңес Одағының Батыры атағы 1944 жылы 9 ақпанда берілген.

Қазірде Ақтоғай ауданындағы оның туып өскен ауылы. С. Мүткеновтың есімімен аталады. Бұл ауылдағы мектеп алдына С. Мүткеновтың бюсті тұр.

С. Мұткеновтың ерлігі жайында жазылған “Батыр ұстаз” поэмасы мектеп шәкірттерінің сыныптан тыс оқу бағдарламасына енгізілген.

 

Кутурга Иван Васильевич Кутурга.  Ертіс ауданының Қылышбек – Корниловка ауылында 1924 жылы туған. 1942 жылғы қыркүйекте армия қатарына шақырылып, Орел жаяу әскер училищесіне жіберілді. Оқуды аяқтамай- 1943 жылғы ақпанда курсанттар Брянск майданына аттанды. Белоруссия және Балтық теңізі жағалауы елдерінен ұрыспен өтті. Тильзит, Кенигсберг, Данцинг қалаларын алуға қатысты. ½рыстарда артиллеристе, барлаушы да болды. Төрт рет жараланды.

Кенигсберг қаласына шабуыл жасау кезінде ерен ерлік көрсеткені үшін 1945 жылғы 19- көкекте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

 

 

 

 

 

Скляров

Иван Сергеевич Скляров.  Ертіс ауданының Қосағаш- Грабово селосында туған. Скляровтар отбасы Украинаның Донецк облысына қоныс аударғанда ол небары бес жаста еді. Ұлы Отан соғысына ұшқыш болып қатысқан. Львов, Киев қалаларын қорғауда жауынгерлік Қызыл Ту орденімен наградтталды. Мәскеу түбіндегі шайқаста- Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Донбасты азат етуде І-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған. Жаңа техниканы игергені жаңа шыққан соғыс қаруын сынақтан өткізгені үшін екі рет Қызыл Жұлдыз орденіне ие болды. Гвардия полковнигі . Отан соғысы орденімен наградталған. Соғыс жылдарында  жаудың 40 ұшағын құлатып, 15 танкісін тағы басқа қару- жарақтарын жойып жіберген.

 

 

 

 

Горобец Алексей Федоорич Горобец.  1922 жылы Ертіс ауданының Қылышбек- Корниловка ауылында туған. Оның сегіз жасқа толған кезінде әке- шешесі өзінің ата қонысы Одесса облысының Ширяев ауданына көшіп кеткен.

Отан соғысында Сталинград, Курск шайқастарына байланысшы болып қатысқан. Батыр атағына 1943 жылғы қырқүйекте Днепр өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін ие болған. 1961 жылы Армия қатарында қызмет істеп жүріп қайтыс болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ

Петров Иван Иванович- Ертіс кеңшарының алғашқы директоры.

Коновалов Тимофей Степанович- Ленин кеңшарының алғашқы директоры.

Раденко Петр Никифорович - Панфилов кеңшарының директоры

Шажанханов Мұқан- Кайманачиха кеңшарының жылқышысы.

Кравец Павел Леонтьевич- Кайманачиха кеңшарының бөлімше меңгерушісі.

Титирко Василий Васильевич- Суворов кеңшарының механизаторы.

Волков Владимир Васильевич.- Ленин кеңшарының механизаторы.

Леонов Владимир Васильевич- Ленин кеңшарының механизаторы.

Жылқыбаев Аманбек- Кутузов кеңшарының шопаны.

Баранов Анатолий Иванович - Суворов кеңшарының механизаторы.

 

ҒАЛЫМДАР

Ақышева Зайда, Мухина Тамара Павловна, Асқаров Сапарғали, Арыстанғұлов Сенбек, Әбдірахманов Болат, Бегімтаев Ғосман, Болатбаев Төлеубай,  Берестовский Георгий Григорьевич, Головченко Иван Николаевич, Дүйсенбетов Зәйролла, Зуев Николай Сергеевич, Кадькалов Юрий Сергеевич, Құсайынов Аманкелді, Золотарев Анатолий Никитич, Қанапиянов Құдайберген Ешімұлы, Мұсатаев Болатхан, Мұстафина Тасқын, Рамазанов Қаратай, Рамазанов Бағұстар, Саваровская Тамара Васильевна, Сербин Александр Иванович, Серікпаев Қажытай, Смайылов Қазыбек,Шортанбаев Қайыржан, Яценко Александр Иванович, Адамов Абызбай Адамұлы, Бұсұрманов Жұман Дүйсенұлы, Көкімбаев Бағлан Жиеншіқызы

 

АУДАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Әшенов Еркен – ҚКСР еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері,  1974 ж. «Коскольский» кеңшарының механизаторы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Әбішев Төлеген – ҚКСР еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері,  1972 ж. «Кутузовский» кеңшары, бақташы.

Әкежанов Даниял - ҚКСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,   1983 ж. ОАКТУ шебері.

Жаманбалинов Мүбәрак – ҚКСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,   1987 ж. жазушы.

Қапашев Дүсен – ҚКСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,   1967 ж. аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

Маклецова Клавдия Петровна – Ертіс ОМ мұғалімі, 1945 ж. ҚКСР еңбек сіңірген мұғалімі.

Миронов Виктор Семенович - ҚКСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,  1967 ж. Абай атындағы кеңшарының клуб меңгерушісі.

Рахматулина Рахима – ҚКСР еңбек сіңірген мұғалімі, 1974 ж.  Кутузов ОМ мұғалімі.

Рахметова Дәмеш – ҚКСР еңбек сіңірген мұғалімі, 1984 ж. №2 Ертіс ОМ мұғалімі.

Рокотел Василий Адамович – еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, 1984 ж. ҚКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Суворовский» кеңшарының бригадирі.

Романюк Михаил Акимович – ҚКСР еңбек сіңірген агрономы, 1974 ж. «Северный» кеңшарының бас агрономы.

Раздорская Зинаида Николаевна – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, 1998 ж. аудандық аурухананың хирургы.

Сергиенко Евдокия Николаевна – ҚКСР еңбек сіңірген мұғалімі, 1967 ж.

Терентенко Василий Тимофеевич – ҚКСР еңбек сіңірген мұғалімі,  1972 ж.

Устапашиди Иван Пантелеевич – ҚКСР еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері,  1974 ж. «Кутузовский» кеңшары.

Шулятьева Таисия Николаевна – ҚКСР еңбек сіңірген мұғалімі, 1977 ж. №1 Ертіс ОМ мұғалімі.

Шәкіров Қобыланды – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы,  1999 ж.

Асқаров Сапарғали Уәшұлы –еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, «Ертіс ТЖ» КМК директоры.

Савенко Николай Максимович – ҚКСР еңбек сіңірген агрономы.

Гусев Евгений - ҚКСР еңбек сіңірген агрономы.