Бүгін: 18 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Мемлекеттік қызмет – жемқорлықпен күрес құралы ретінде

Басты Жер қатынастары Мемлекеттік қызмет – жемқорлықпен күрес құралы ретінде Мемлекеттік қызмет – жемқорлықпен күрес құралы ретінде

Тұрғындарға қызмет көрсету сұрақтары қазіргі кезде өзекті болып тұр. Азаматтар онымен күнделікті өмірде кездеседі, белгілі бір мемлекеттік органға өзіне қажетті құжатты алу үшін жүргенде өзінің мемлекеттік қызмет алғанын білмегенінде қалады.

Соңғы кездері мемлекеттік қызмет көрсету саласында үлкен өзгерістер орын алуда. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет көрсетудің процессін реттеу үшін бірқатар әлеуметік маңызды нормативтік құқықтық актілер қабылданды: Қазақстан Республикасның  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, құжаттар тізімі, стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету  регламенті мақұлданды, нәтижесінде, барлық мемлекеттік апараттық құрылымында түбегейлі ілгермеушілік байқалды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің алдынғы мақсаттары болып сапалық қызмет көрсету анықталды. Алғаш рет мемлекеттік органдар мына принциптер негізінде қызмет ете бастады: серіктестік және әріптестік, есептілік және айқындылық, азаматтарды тарту, тұтынушыға бағыттылық, мемлекеттік қызмет көрсетуде жоғарғы шеберлік.

Қазірігі күнде мемлекеттік қызмет көрсету аясы жетілдіруде, бұл саладағы заңнамалардың тәжірибеде қолданылуы мемлекеттік қызмет көрсету процедураларының жеңілдеуі туралы айтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет кқрсетудің стандарттары мен регламенттерінде мемлекеттік қызметтің тәртібімен мерзімі анықталған, оны көрсету бойынша қол жетімді құжаттар тізімі қарастырылған, тұтынышуға мемлекеттік органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығын жүгіну таңдауы ұсынылған. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету белсенді автоматтандырылуда.

«Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі»  мемлекеттік мекемесі мысалында (бұдан әрі –Бөлім) мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары тұтынушыға қолайлы жағдай туғызуға бағытталған. Себебі әрбір мемлекеттік қызметтің нақты мерзімі, тәртібі, жағдайы көсетілген. Стандарттар мен регламенттерді сараптау нәтижесі жеке немесе заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсету үшін бекітілген формадағы өтініш пен аз құжаттар қажет екенін көрсетіп отыр. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету  нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі арқылы,  "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес бөлім екі түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді: -   «Жер учаскелерін құру бойынша жер құрылыс жобаларын бекіту» және «Мемлекетпен жеке иелікке сатылатын жер учаскелерінің кадастрлык (бағалық) құнын анықтау», қалған 6 мемлекеттік қызмет көрсетуде, олар рұқсат және аудан әкімшілігінің шешімін беру бойынша бөлім мемлекеттік қызмет көрсетудің бір тізбегі ретінде қатысады.

 2017 жылдың 1 тоқсан жағдай бойынша жеке және заңды тұлғалардың сұраныстары бойынша жер учаскесін пайдаланудың өзгерістеріне 5 рұқсат берілді. 45жер құрылыс жобаларына және кадастрлык (бағалық) жер учаскесінің құнын 8 акті бекітілді. Басқа қызмет сұраныстар түспеген, тіркелмеген. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары Ертіс ауданы әкімдігінің ресми сайтында «Жер қатынастары» саласында жарияланды.

 

Бөлім келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. Жер учаскелерін құру бойынша жер құрылыс жобаларын бекіту. Үлгі бойынша өтініш және құжаттар пакеті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталға тапсырылады, қызмет көрсету мерзімі: 7 жұмыс күні, нәтиже: бөлімнің жобаны бекіту туралы бұйрығы.
  2. Мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің кадастрлык (бағалық) құнын бекіту. Үлгі бойынша өтініш және құжаттар пакеті  және мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесі қызмет берушінің кеңсесі (аудан әкімдігі), "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы көрсетіледі, қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күн, нәтиже: бөлімнің актіні бекіту туралы бұйрығы.
  3.  Жер учаскелерін тексеру жұмыстары үшін пайдалануға рұқсат беру.  Үлгі бойынша өтініш  және құжаттар пакеті аудан әкімдігіне, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталға тапсырылады тапсырылады, қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні, нәтиже: аудан әкімдігінің қаулысы.
  4. Суармалы егістікті суармалы емес түрдерге ауыстыруға рұқсат беру. Үлгі бойынша өтініш және құжаттар пакеті аудан әкімдігіне, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталға тапсырылады, қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн, нәтиже: аудан әкімідігінің қаулысы.
  5. Жер учаскесін пайдалану мақсатын өзгертуге рұқсат беру. Үлгі бойынша өтініш және құжаттар пакеті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталға тапсырылады, қызмет көрсету мерзімі:30 күнтізбелік күн, нәтиже: аудан әкімдігінің қаулысы.
  6. Ауыл шаруашылық егістіктерін бір түрден басқа түрге ауыстыруға рұқсат беру. Үлгі бойынша өтініш және құжаттар пакеті аудан әкімдігіне тапсырылады, қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн, нәтиже: аудан әкімдігінің қаулысы.
  7. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу. Үлгі бойынша өтініш және құжаттар пакеті аудан әкімдігіне, ауыл және ауыл округі әкімдігіне тапсырылады. қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн, нәтиже: аудан әкімдігінің қаулысы, ауыл , ауыл округі әкімдігінің өкімі.
  8. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру. Үлгі бойынша өтініш және құжаттар пакеті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталға тапсырылады, қызмет көрсету мерзімі:30 күнтізбелік күн, нәтиже: жер кадастрлық жоспары және уақытша (қысқа және ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты қосымшасымен ауыл, ауыл округі әкімдігінің өкімі.

Бөлімнің көрсететін қызметтері бойынша туындаған сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8/71832/21481, 8/71832/21546 немесе мына мекенжай бойынша: Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі 110.

«Ертіс ауданының жер қатынастары  бөлімі» ММ