Бүгін: 04 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Ертіс ауданында 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспарын бекіту туралы

Басты Жер қатынастары Жобалар Ертіс ауданында 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспарын бекіту туралы

2017-09-29

 ЖОБА

Ертіс ауданында

2018 жылға арналған

жайылымдарды басқару

және оларды пайдалану

бойынша жоспарын

бекіту туралы

 

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1), 2) тармақшаларына, 13-бабы 2-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Ертіс ауданында 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспары бекітілсін.

2.       Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 3.       Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Сессия төрағасы                                                                   Б. Шингисов

 

         Аудандық мәслихат хатшысы                                         Б. Шингисов

 

 

 

 

Ертіс ауданында 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару

және оларды пайдалану бойынша жоспары

 

  1. Жалпы мәліметтер

 

  1. Осы Ертіс ауданы бойынша 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20  маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 173 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
  2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданды.
  3. Жоспар:

           1) осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);

2) осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;

3) осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын;

4) осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

5) осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;

           6) осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын;

        7)  осы жоспардың 7-қосымшасына сәйкес     ауыл    шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін қамтиды.

  1. Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

 

  1. Ертіс ауданы жер қорының жағдайы

 

  1. Ертіс ауданы Павлодар облысының солтүстік бөлігінде орналасқан, солтүстік -батысында Ресей Федерациясымен, солтүстік - шығысында Железин, оңтүстік - батысында Ақтоғай аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы – Ертіс ауылы. Аумақтық-әкімшілік бөлінісі 9 ауылдан мен 7 ауылдық округтерден тұрады.

Ертіс ауданының климаты күртконтиненттік, қысы салыстырмалы суық, жазы ыстық келеді. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы -25 – -40° С, шілдеде +25 – +30° С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 100 - 150 миллиметр.

  1. Ертіс ауданы жерінің жалпы алаңы 1 013 972,9 гектар (бұдан әрі – га), соның ішінде жайылымдар – 474 032,1 га, суландырылған жайылымдар - 247 775,9 га.

           Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:

           ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері – 511 147,09 га;

           елдi мекендердiң жерi – 178 935,38 га;

         өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 2 115,63 га;

           орман қорының жерi-4 859,0 га;

           су қорының жерi – 20 257,3 га;

           босалқы жері – 296 658,5 га.

 

  1. Жайылым сипаттамасы

 

  1. Жайылымдар Ертіс ауданының табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты табиғи жайылымдар болып табылады. Екпе және аридтік жайылымдар Ертіс аудан аумағында жоқ.

Ертіс ауданының аумағында терең қайнаған, қарашірігі аз, қуаттығы аз, аз құмды топырақ, шоғарланған жер пайдалану негізінде оңтүстік бөлігінде, қара қоңыр сортаң қарашірігі аз, қуаттығы аз, аз құмды топырақ және қара қоңыр жай қарашірігі аз, қуаттығы аз, аз құмды топырақ біртекті емес алқаптары барлық жер пайдалану бөлініп орналастырған.

Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнер/га.

Жайылымдардағы жемдердің қоры ұзақтығы 180-200 күн жайылым кезеңінде пайдаланылады.

 

  1. Жайылымдарды пайдалану

 

  1. Ертіс аудан аумағындағы негізгі жайылым пайдаланушылары ауыл шаруашылығы құрылымдары болып табылады. Аудан тұрғындарының мал басы елді мекендерге тиесілі жерлерде бағылады.

         Ертіс аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны: жеке тұлғаларда – 14 843 бас ірі қара мал, 24 118 бас ұсақ мал, 11 958 бас жылқы; заңды тұлғаларда – 4 878 бас ірі қара мал, 1 176 бас ұсақ мал, 937 бас жылқы. Жалпы Ертіс аудан бойынша 19 721 бас ірі қара мал, 25 294 бас ұсақ мал, 12 895 бас жылқы бар.

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша қалыптастырылған үйірлер, отарлар, табындар келесідей бөлінген:

      ірі қара мал 49 үйір;

      ұсақ мал 37 отар;

      жылқылар 31 табын.

 

  1. Ветеринариялық-санитарлық объектілер

 

  1. Ертіс аудан аумағында ветеринариялық-санитарлық 42 объектілері қызмет істейді, соның ішінде 26 мал көмінділері, 16 мал дәрігерлік пункттер.

 

  1. Малды айдап өтуге арналған сервитуттар

 

  1. Ертіс ауданында малды айдап өтуге арналған сервитуттар белгіленбеген.

 

 

 Ескертпе:аббревиатураны шешу:С- Цельсий көрсеткіші

 


Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі 

№ р/с

Ауылдар мен ауылдық округтер

Шалғайдағы   жайылымдарда жануарларды   айдау   мерзімі

Шалғайдағы   жайылымдарда

жануарларды қайтару мерзімі

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

Ағашорын

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

2

Амангелді

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының бірінші жартысы

 

3

Байзақов

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының бірінші жартысы

 

4

Голубовка

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

5

Ертіс

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

6

Қарақұдық

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

7

Қосағаш

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының бірінші жартысы

 

8

Қоскөл

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

9

Қызылжар

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

10

Ленин

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

11

Луговой

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

12

Майқоңыр

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының бірінші жартысы

 

13

Панфилов

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

14

Северный

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

15

Сілеті

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

16

Ұзынсу

мамыр айының бірінші жартысында

қазан айының екінші жартысы

 

Сондай-ақ оқыңыз