Бүгін: 14 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы» ақпарат

Басты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық «Автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы» ақпарат «Автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы» ақпарат

2019-01-15

Аудан аумағының автомобиль жолдарының ұзындығы 820  шқ құрайды, оның ішінде – республикалық маңызы бар автожолдар 134,6 шқ, облыстық маңызы бар автожолдар 152,6  шқ,  аудандық маңызы бар автожолдар 247,2 шқ,  ауылішілік жолдар 285,6 шқ.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары

Ленинский- Ертіс-Русская Поляна автожолдары (0-134,6 шқ).

         2019 жылдың қысқы кезеңінде автожолдарға қызмет көрсететін мердігерлік ұйым «Қазақавтожол» ЖШС, Ертіс ауылында орналасқан, осы автожол учаскесі жол пайдалану пункті бойынша Ертіс ауданының аумағына қызмет көрсетеді , қолда тиісті 4 техникалары (К-700, Автогрейдер, Тиегіш, Камаз автомобиль базасындағы қар тазалау машинасы) бар.

Қажеттілігіне қарай қардан қорғау біліктерін орнату, жүру бөлігін қардан тазалау, жол төсемдерін жүру бөлігінде мұздың пайда болуына қарсы инертті материалмен себу жұмыстары жүргізіледі.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары

Панфилов–Бестөбе автожолдары (0-79,3 шқ),

         

Ертіс-Пятирыжск  автожолдары (өткел) 0-6,2 шқ.

 

Ертіс-Ертіс ст. Автожолдары 0-67,1 шқ .

 2019 жылдың қысқы кезеңінде автожолдарға қызмет көрсететін мердігерлік ұйым «Нұрал» ЖШС.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында автожолдарды күтіп ұстауына жұмыстарды орындауға жоспарланған қаржы сомасы  30 млн.теңге.

Қажеттілігіне қарай қардан қорғау біліктерін орнату, жүру бөлігін қардан тазалау жұмыстары жүргізіледі.

 

Аудандық маңызы бар автожолдары, елді мекендердің кіре беріс автожолдарының ұзындығы 247,2 шқ.

2019 жылдың қысқы кезеңінде автожолдарға қызмет көрсететін мердігерлік ұйым «Нұрал» ЖШС.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында автожолдарды күтіп ұстауына жұмыстарды орындауға жоспарланған қаржы сомасы  9,2 млн.теңге.

Голубовка-Қызылқақ, И.Байзақов-Майқоңыр, Сілеті-Қызылағаш автожолдарының учаскелерінде, Сілеті, Қоскөл ауылдарының кірме автожолдарда қардан қорғау біліктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, жолдың жүру бөлігін қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпорында тиісті 17 бірлік  техника бар, автожолдарды тазалау бойынша орындалатын жұмыстардың көлеміне байланысты ұйым жұмысқа бір уақытта 8 бірлік қар жинайтын техниканы шығара алады.

Көлемі 8 мың тонна инертті материал қоры дайындалды (қиыршық тас 8 мың тонна, құм 15 мың тонна, тұздалған құм қоспасы 200 тонна) қажеттілігіне қарай жол төсемін жолдың жүру бөлігінде мұздың пайда болуына қарсы инертті материалмен себу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ертіс ауданының елді мекендердің ауылішілік автожолдарының ұзындығы  285,6 шқ

2019 жылы Ертіс ауданының елді мекендерінің ауылішілік жолдарын күтіп ұстауға арналған қаржы көлемі 6084,0 мың теңгені құрайды (оның ішінде қысқы ұстауға 2129,4 мың теңге), елді мекендердің көшелерін тазарту жұмыстарын АТК, сондай-ақ тиісті техникасы бар ұйымдар жүргізеді.

Ертіс ауылының көшелерін ұстауға ақпан-наурыз айларында сомасы 2,0 млн.теңге қаржы қаражаты бар (жұмыстарды орындауға мердігер бағалық ұсыныс тәсілімен анықталады), қаңтар айында көшелерді тазалау жұмыстарын «Өрлеу». КБФ ЖШС жүргізеді.