Бүгін: 16 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

2018 жылғы Ертіс ауданының аумағындағы автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары бойынша ақпарат

Басты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 2018 жылғы Ертіс ауданының аумағындағы автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары бойынша ақпарат

2018-09-28

2018 жылғы Ертіс ауданының аумағындағы автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары бойынша ақпарат (ПРЕЗИНТАЦИЯ)

 

Ертіс ауданы бойынша өтетін жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 530,2 км құрайды, соның ішінде: Республикалық маңызы бар 134,6 шқ, облыстық маңызы бар 148,4 шқ және аудандық маңызы бар 247,2 шқ.

Ертіс ауданының аумағы бойынша бір Республикалық маңызы бар автожолы өтеді

- Ленинский-Ертіс-Русская Поляна 134,6 шқ

 Облыстық маңызы бар автожолдары:

-   Панфилоо-Бестөбе  0-75,1 шқ

-   Ертіс-Ертіс ст. 0-67,1 шқ.

-   Ертіс-Пятирыжск (өткел) 0-6,2 шқ.

 

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары

Ленинский–Ертіс-Русская Поляна автожолдары (134,6 шқ),

2018 жылы өткізілді;

- ағымдағы жөндеу жұмыстары –1200 ш.метр алаңдағы шұңқырларды жөндеу

 

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары

Панфилово–Бестюбе  автожолдары ( 0-75,1шқ),

2018 өткізіледі;

Автожолдарды қайта жаңарту   36-42 шқ(6 шқ), ұзындығы 6 шқ автожолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, мердігер ұйымы  "АБК-Автодор НС" ЖШС, келісім шарт жұмысының сомасы 809505,090 мың теңгені құрайды.   

          Асфальт-бетон қоспасынан тегістейтін қабатты орнату бойынша жұмыстарын жүргізу кезінде, жол төсемінде ақаулар шықты, қазіргі уақытта оларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

 

Ертіс -Пятирыжск автожолдары (өткел)  0-6,2 шқ.

 2018 жылы өткізілді;

Автожолдардың орташа жөндеу жұмыстары: жұмыстарды орындау үшін келісім шарт сомасы 88870,7 мың теңгені құрады, жұмыстарды мердігерлік ұйымы «Нұрал» ЖШС орындады.

         Ұзындығы 2 шқ автожолдарына асфальт-тас қоспасынан тегістейтін қабатты орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, ұзындығы 4,2 шқ автожолдарына қиыршық тас қоспасынан жол төсемін орнату бойынша жұмыстар орындалды.

Жұмыстар тамыз айында аяқталды.

 

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары

Аудандық маңызы бар автожолдары мен елді мекендердің кірме жолдардың ұзындығы 247,2 шқ құрайды, оның ішінде (асфальт жамылғысы-27,8 шқ, қиыршық тас жамылғысы-139,3 шқ, топырақ жамылғысы-80,1 шқ).

Жақсы, қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы автожолдардың жалпы ұзындығынан 83% құрайды.

Ағымдағы жылы ұзындығы 1,050 шқ Луговой ауылының кірме автожолдарына орташа жөндеу жұмыстары өткізілді, мердігер ұйымы  «Нұрал» ЖШС, жұмыстарды орындау үшін аудандық бюджеттен қаржы сомасы 17381,087  мың теңге бөлінді. Жұмыстар  2018 жылдың 24 мамыр айында аяқталды.

Аудандық маңызы бар автожолдарды және кірме жолдарды күтіп ұстауға 2018 жылға аудандық бюджеттен 17003,8 мың теңге бөлінді; есеп беру кезеңде келесі жұмыстар орындалды: қысқы күтіп ұстау, көктемгі грейдирлеу, автожолдарды тегістеу, Қоскөл және Майқоңыр-Бескепе ауылдарының кіреберіс автожолдарын жабайы өскен ағаштардан тазарту, жол жиегін шабу жұмыстары.

Автожолдарды ұстау шеңберінде 1052,22 шаршы метр алаңда 104,171 мың теңгеге Панфилов-Қосағаш автожолының жол төсемін жөндеу, Голубовка-Қызылқақ автожолында орналасқан су өткізу құбырына 60,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.

 

 

 

Ауыл ішілік автожолдар

            Ертіс ауданының елді мекендердің автожолдарының ұзындығы 285,6 шқ құрайды,  күтіп ұстауына аудандық бюджеттен сомасы  11350,0 мың теңге бөлінді, есеп беру кезеңде келесі жұмыстар орындалды: қысқы күтіп ұстау, көктемгі грейдирлеу, автожолдарды тегістеу.

            Ұзындығы 4,4 шқ Голубовка ауылының ауылішілік автожолдарының жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарына Облыстық бюджеттен сомасы 59584,0 мың теңге бөлінді (Интернациональная, Достык, Мира, Цветочная, Школьная, Целинная көшелеріне) мердігерлік ұйымы «Нұрал» ЖШС. Жұмыстар 2018 жылдың  маусым айында аяқталды.

             Ұзындығы 11,5 шқ Ертіс ауылының ауыл ішілік автожолдарының Астана, Тельман, Бөгенбай, Жалаулы, Ысқақов көшелеріндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарына Облыстық бюджеттен сомасы 200000,0 мың теңге бөлінді,  мердігерлік ұйымы «Нұрал» ЖШС .

               Ертіс ауылында жүргізілген жұмыстардан қаржы үнемделуі 753460 мың теңгені құрады.

                Жұмыстар 2018 жылдың шілде айында аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыз