Бүгін: 10 Желтоқсан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

Басты _ «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

   Ертіс ауданы  әкімдігінің

2017 жылғы 8 қарашадағы    

             №324/11 қаулысымен

                               Бекітілді

 

 

«Ертіс ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

«Ертіс  ауданының білім  бөлімі»    мемлекеттік   мекемесі    білім беру

саласындағы өзінің шектелі құзыретінде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Ертіс ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

  1. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті  мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық  нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі  бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  1. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  2. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы боліға құқығы бар.
  3. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада  белгіленген тәртіппен «Ертіс ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды. 
  4. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  5. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140500, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Иса Байзақов көшесі, 14.
  6. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
  7. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 

        орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел образования Иртышского района».

  1. Мемлекет Ертіс ауданының әкімдігі тұлғасында «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
  2. Осы Ереже «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  4. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ертіс ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,       құқықтары мен міндеттері

 

  1. Миссиясы: «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданының атқарушы органдарының бірыңғай жүйсіне кіреді және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
  2. Кешкі (ауысымды) оқу нысанын, қосымша білім беруді қоса алғанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
  3. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: аудан деңгейінде білім беру саласы дамуындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  4. Міндеттері:

1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын, қосымша білім беруді қоса алғанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;

2) мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер жүйесіндегі материалдық-техникалық базасын құру, нығайту және олардың инфрақұрылымын дамыту;

3)  білім бері саласындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен аудандық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

4)  білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, білім беру қызметтері сапасын қамтамсыз ету;

  1. Функциялары:

1) білім беру жүйесінің негізгі бағыттарын іске асыру, оларды дамыту бағдарламалары бойынша болжамдық, ағымдық, мақсатты шараларды әзірлеу жцне жүзеге асыру;

2) бөлімнің әдістемелік кабинеті арқылы білім берудің мемлекеттік стандарттарын орындау бойынша әдістемелік көмек көрсету;

3) бірыңғай үздіксіз білім беруді құру және дамыту;

4) білім беру мәселелері бойынша конферециялар, кеңестер, семинарлар, конкурстар өткізу;

5)  заңнамамен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жадпы орта білім беруді қамтамасыз етуге;

2)  мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алу, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыруға;

3)  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларғы арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға; 

4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыруға;

5)   қоладныстағы заңнамалық актілерде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға міндетті;

6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуді ұйымдастыруға;

7)   жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуге;

8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыруға;

9)   білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге;

10) ақшалай қаражатты ағымды есеп шотына аудару қамқоршы тәрбиешінің еңбекақысын төлеуге;

11) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтары мен міндеттерді жүзеге асыріға міндетті.

 

 «Ертіс ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекеменің  қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін басшылықты «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген   міндеттердің  орындалуына және  өз  функцияларын жүзеге асыруыға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ертіс   ауданының әкімі қызметке тағайындайды және жұмыстан босатады.
  3. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес  қызметке  тағайындалатын және  қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені Ертіс ауданының әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және ауданының әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;

3) басшы бұйрықтарын шығарады;

4)  мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;

5)   мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;

6) «Ертіс ауданының білім  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;

7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда «Ертіс ауданының білім  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;

9) белгіленгін заңнама тәртібінде шарттар жасайды;

10) сенімхаттар береді;

11) «Ертіс ауданының білім  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;

12) «Ертіс ауданының білім  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

13) «Ертіс ауданының білім  бөлімі»  мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен құрылымдық бөлімдердің функцияларын анықтайды;

14) «Ертіс ауданының білім  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

15) «Ертіс ауданының білім  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

16) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Ертіс ауданының білім  бөлімі»   мемлекеттік  мекемесінің бірінші  басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қоладныстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;
  2. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
  3. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқыру органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
  4. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

 

«Ертіс ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жадайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Ертіс ауданының білім  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының  заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен  қалыптастырылады.

  1. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ертіс ауданының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынңан мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

   

«Ертіс ауданының білім  бөлімі»  мемлекеттік мекемесін  қайта ұйымдастыру және қыстарту

 

  1. «Ертіс ауданының білім бөлімі»   мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

 

 

 

 

 

Сондай-ақ оқыңыз