Бүгін: 14 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Ертіс ауылы әкімі

Басты _ Ертіс ауылы әкімі

belgubaev

Аудан әкімінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 1-178-ө  өкімімен Қайыржан Қабайұлы Белгібаев «Ертіс ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі болып  тағайындалды.

Қ.Қ. Белгібаев 1966 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Панфилов ауылында туған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

 Еңбек жолын 1984 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы  Голубовка кеңшарында тракторшы болып бастады. 1984-1986  жылдары Кеңес Әскерінің қатарында.

1991- 1992 жылдарында Голубовка кеңшарында директордың жастар істері жөніндегі орынбасары.

1992-1995 жылдары Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының инспекторы.

1998-2001 жылдары Ертіс ауданының аудандық әскери комиссариаты 3 бөлімшесінің бастығы.

2003-2004 жылдары Ертіс ауданы қаржы бөлімінің бас маманы.

2006-2007 жылдары Ертіс ауылы әкімінің орынбасары.

2007-2009 жылдары «Көктем» ауыл өндірістік кооперативінің төрағасы.

2009-2011 жылдары Павлодар облыстық Ауғанстан ардагерлері және жергілікті соғыс одағының әлеуметтік мәселелер бойынша басқармасының төрағасы.

2011-2012 жылдары Амангелді ауылының әкімі.

2012-2016 жылдары Ертіс ауылы әкімінің орынбасары.

2016 жылғы 2 қыркүйектен 2017 жылғы 21 тамыз дейін «Луговой ауылы әкімінің аппараты» КММ әкімі болып жұмыс істеді.

2017 жылғы 21 тамыздан «Ертіс ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі.

Сондай-ақ оқыңыз