Бүгін: 20 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Батырғұжинов Серік Барлыбайұлы - Ертіс ауданының әкімі

Басты БИЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ Аудан әкімі Батырғұжинов Серік Барлыбайұлы - Ертіс ауданының әкімі

Batyrgughinov1 С.Б. Батырғұжинов 1964 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Котельников ауылында туған. 1993 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын агрономия мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетін юриспруденция мамандығы бойынша аяқтады. 2015 жылы Инновациялық Еуразия университеті  экономика және бизнес магистрі.

 

Еңбек жолын 1982 жылы Голубовский кеңшары №1 бөлімшесінің қой бағушы көмекшісі болып бастады, кейін Голубовский кеңшарының бас агрономы, «Беловодский ХПП» АҚ директоры, «Иса Байзақов атындағы» ЖШС директоры,

«Алтыншы ауыл» тауар өндірушілер ассоциациясы» ЖШС директоры, Качир ауданының ауыл шаруашылық департаментінің бірінші орынбасары, бастығы, Қачир ауданы әкімінің орынбасары, Қачир ауданының әкімі, «Аманкөл» ШҚ кеңесшісі. «Нұрби» ЖШС коммерциялық директоры. Ертіс ауданы әкімінің орынбасары. 2014 жылғы 5 мамырдан бастап Ақтоғай ауданының Әкімі. 2016 жылғы 18 қарашадан Ертіс ауданының Әкімі болып тағайындалды.



Лауазымдық міндеттері.

Ауданды жалпы басқару. Жергілікті және аумақтық атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асырып, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Заңдары мен актілерінің, Қазақстан Республикасының басқадай нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, мемлекеттік, үкіметтік, сондай ақ облыстық және аудандық бағдарламаларын орындау жұмыстарын үйлестіру.

 

Қабылдау күндері - дүйсенбі (айдың бірінші, үшінші аптасы), сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.

 

Қызмет телефоны - 2-13-43

 

Қабылдау жүргізу кестесі