Бүгін: 16 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Басты БИЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ Аудан бөлімдері «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Abdraev  «Ертіс  ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы

Аудан әкімінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 1-162 өкімімен Ерген Шайхышұлы Абдраев «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.

Ерген Шайхышұлы Абдраев 1960 жылы Павлодар облысы,  Ертіс ауданының Ұйымшыл ауылында туған. Білімі-жоғары. 1991 жылы Павлодар индустриалды институтын «Инженер-жылу энергетигі» мамандығы бойынша тәмамдады. 

Еңбек жолын 1980 жылы Қоскөл орта мектебінің  дене шыңықтыру мұғалімі болып бастады.

1981-1985 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ертіс  аудандық комитетінің комсомол ұйымы бөлімінің нұсқаушысы.

1985-1992 жылдары Халық депутаттары  Грабов ауылдық кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы.

1992-1993 жылдары Қайманачиха қеңшары директорының шаруашылық жөніндегі  орынбасары.

1993-1997 жылдары Железин ауданы АКК директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.

1997-1999 жылдары Луговой  ауылдық  округінің әкімі.

1999-2001 жылдары Ертіс ауылы әкімінің орынбасары.

2001-2012 жылдары Павлодар облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбек инспекциясының ақпараттық-сараптаманы қамтамасыз ету жөніндегі бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы. 2012-2015 жылдары Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.

2015 жылдың 3 тамызынан  бастап  2 қыркүйекке  дейін «Ертіс  ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» ММ  жұмыспен қамту секторының меңгерушісі қызметін  атқарды.      

Үйленген. Үш баласы бар.

 

Мекенжайы: Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы Бөгенбай көшесі 97, тел. 21474(факс), 21380,21097, әлеуметтік  төлемдер бойынша 21113(факс),21242. Қабылдау күндері сағат 09-00- 18-00 дейін.

Сондай-ақ оқыңыз