Бүгін: 16 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Басты БИЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ Аудан бөлімдері «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Заңды тұлғаның мемлекеттік  тіркеуден өткені туралы куәлігі №61-1945-06-ГУ

«Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі- дүйсенбі- жұма сағат 09-00-ден-18-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Жеке тұлғаларды және заңды   тұлғалардың өкілдерінің қабылдауы екі тілде (мемлекеттік және ресми), әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағ.9-00 ден 18-00ге дейін  жүргізіледі.

Орналасқан  мекен- жайы: Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі 110 үй

Тел:  8/71832/ 21481 мамандар, 8/71832/21546 басшысы

Сенім телефоны: 21481

Электрондық мекен- жайы: zemelniy.irtishsk@yandex.kz

Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік  қызметтер:

  1.  «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»
  2.  «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»
  3.  «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  4.  «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»

 

Жер қатынастары сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау  күн сайын сағ. 09.00- ден 18.30- ға дейін бөлімнің басшысымен жүргізіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі

 

«Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

«Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2006 жылда құрылды.

 

Жер қатынастары бөлімінің жұмыс кестесі:

Дүйсенбі- жұма, сағ.09.00- ден- 18.30 дейін, үзіліс 13.00-14.30, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күн сайын сағ. 09.00- ден 18.30- ға дейін екі (мемлекеттік және орыс) тілде жүргізіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

 

«Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, бөгенбай көшесі 110 үй мекен жайында орналасқан, тел:  8/71832/ 21481, 21546.

 

Бөлімінің құрылымы және құзыреті

Штаттық кестесімен сәйкес «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 3 бірлік лауазымдық(мемлекеттік қызметкерлер) тұлғалар саналады, оның ішінде: 1 бірлік басшысы, 1 –бас және жетекші маман.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 14-1 бабының 3 тармағына және 2015 жылғы 20 мамырдағы Ертіс аудан әкімдігінің № 150/4 қаулысымен бекітілген «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережесімен сәйкес, жер қатынастары бөлімінің құзыретіне:

     1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
     2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
     3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

     4) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

     5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

     6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

     7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

     8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      9) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
     10) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
     11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
     12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

     13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;

     14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

     15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
     16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

     17) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

     18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

     19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

     20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

     21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.

 

 Жердiңбар болуы және оның санаты бойынша үлестіруі 

Ертіс ауданының  жалпы аумағы  1019020 гектар құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы 490733 гектар, оның ішінде жыртылған жер-363646 гектар, шабындық- 7058 гектар, жайылым- 120029 гектар. Аудан аумағында 367 астам шаруа (фермер) қожалықтары шаруашылық қызметін атқарады және 15 астам ауыл шаруашылық тауар өндірушілер.

 

Жекеменшiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi  

 

Қазақстан Республикасы Жер Кодекстің 43 бабына сәкес, жер учаскесін беру келесі тәртіпте жүргiзiледi:

     1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
     2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;

     3) жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде);

     4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы;

     5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;

     6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;

     7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;

     8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;

     9) елді мекен шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру.

 

Жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану  құқығынан бас тарту

 

      1. Меншiк иесi бұл туралы жария етiп, не жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқығын сақтау ниетiнсiз одан бас тартатынын айқын бiлдiретiн басқа да iс-әрекет жасап, өзiне тиесiлi жер учаскесiне меншiк құқығынан бас тарта алады. 
      Уақытша жер пайдалану құқығынан немесе жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығынан бас тарту жалдау шартын немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану туралы шартты тоқтату үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      2. Меншік иесі жер учаскесіне меншік иесі құқығынан бас тартқан жағдайда, бұл жер учаскесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепке алынады.

      Мұндай жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепте болған кезінде басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.

      3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесi жоқ жылжымайтын зат ретiнде есепке алуға негiз болып табылады.

     4. Осы баптың қағидалары жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығынан бас тартқан жағдайларға да қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыз