Бүгін: 15 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Ертіс ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Басты БИЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ Аудан бөлімдері «Ертіс ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

bekturov

Аудан әкімінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 1-158-ө өкімімен Оразғали  Жұмабайұлы Бектұров «Ертіс ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы   лауазымына тағайындалды. Бектұров Оразғали Жұмабайұлы – 1974 жылы 13 қазанда Павлодар облысы Краснокутск ауданы Краснокутск ауылында дүниеге  келген. Білімі – жоғары, 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы «Нива» ПСКС-де экспедитор ретінде бастаған. 1993-1997 жылдары аралығында әртүрлі коммерциялық ұйымдарда, 1997-1999 жылдар аралығында «Павлодар РЭК» АҚ-ның Ақтоғай аудандық бөлімшесінің бақылаушысы, 2002-2004 жылдар аралығында Ақтоғай ауданы қаржы бөлімінің бас маманы, 2005-2006 жылдары Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, 2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, 2008-2012 жылдар аралығында Ақтоғай ауданы аппаратының құжаттама, жалпы бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылғы 3 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Ақтоғай ауданы қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, 2012 жылғы  1 қараша мен 2013 жылғы 23 қыркүйек аралығында Успен ауданы қазынашылық басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 2013-2017 жылдары Ақтоғай ауданы әкімнің орынбасары. 2017 жылғы 29 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Ертіс ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімі басшысының қызметін атқарды.

«Ертіс ауданының қаржы бөлімі» ММ  аудан аумағында қаржылық саясатты іске асырады. Аудандық бюджеттің қызметін,  бюджеттік есеп және есеп берулердің, өткен мемлекеттік сатып алулар бойынша  жоспарлардың үйлестірілуін,  есеп берулерін орындайды және іске асырады.  Ауданның мемлекеттік коммуналдық-тұрғын үй қорының және коммуналдық меншіктің есебі мен жылжуын басқарады және есебін жүргізеді, есеп берулерді, сақталуды,  бағалауды және  жеке негіздемелер бойынша  ауданның коммуналдық меншігіне айналған (түскен) мүліктің әрі қарай қолданылуын іске асырады.

Сондай-ақ оқыңыз