Бүгін: 04 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Аудан әкімі аппаратының басшысы

Басты БИЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ Аудан әкімінің аппараты Аудан әкімі аппаратының басшысы

 Zhusupov

Облыс әкімдігінің келісімімен, Ертіс ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 мамырдағы №1-101-ө өкіміне сәйкес аудан әкімі аппаратының басшысы қызметіне Нығман Мүтәләпұлы Жүсіпов тағайындалды.

Нығман Мүтәләпұлы Жүсіпов 1978 жылы 12 қарашада  Ертіс ауданының Северный ауылында туған. Білімі жоғары, 2006 жылы Инновациялық Еуразия университетін «тарих және география мұғалімі» мамандығы боынша, 2012 жылы С.Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.  

Еңбек жолын Северный жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімінен бастады. 2013 жылы Ертіс ауданы әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, 2014 жылы персоналды басқару  қызметі  бөлімінің  басшысы лауазымдарына тағайындалды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Ертіс ауданы әкімінің қенесшісі қызметін атқарып келді.

 

Лауазымдық міндеттері

 Аудан әкімінің  ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық жұмысын қамтамасыз ету. Аппарат қызметін ұйымдастыру.

Кадрлар жұмысы мен марапаттау материалдарын дайындау мәселелері.

Аудан әкіміне атқарушы органдардың басшы кадрларын тағайындау және жұмыстан босату туралы ұсыныстар енгізу.

Референдум және Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, жергілікті атқарушы органдарының сайлауын даярлау мен өткізу.

Мемлекеттік қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мәселелері.

Аудан әкімі аппаратының аудандық Мәслихатпен, Қазақстан Республикасы ҰҚК аудан бойынша бөлімімен, аудандық прокуратурамен, аудандық сотпен, аудандық ішкі істер бөлімімен, аудандық және аймақтық атқарушы органдарымен, ауылдық округ әкімдерімен өзара бірлесіп әрекет жасауын қамтамасыз ету.

Облыс әкімі аппаратымен Президент, Үкімет актілері және облыс әкімінің кесімдерін орындауды ұйымдастыру мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасау.

Аудан әкімі жанындағы консультациялық кеңесші органдарының жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен, облыстық тәртіптік кеңес, Павлодар облысы әкімдігінің Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Павлодар аймақтық орталығымен, сайлау, референдумын қамтамасыз ету, даярлау мен өткізу мәселелері жөнінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен өзара іс-қимыл жасау. Ауданның коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорындары және аудандық мұрағат қызметін үйлестіру.

 

Қабылдау күндері - сәрсенбі (апта сайын).

Қызмет телефоны - 8(71832)2-15-42

 

Қабылдау жүргізу кестесі

Сондай-ақ оқыңыз