Бүгін: 18 Қыркүйек Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

2017 жыл бойынша мемлкеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Ертіс ауданы жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есеп

Басты Мемлекеттік қызметтер 2017 жыл бойынша мемлкеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Ертіс ауданы жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есеп 2017 жыл бойынша мемлкеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Ертіс ауданы жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есеп
  1. Жалпы ережелер

         1) Мемлекеттік қызмет көрсетуші туралы мәлімет: Ертіс ауданының әкімдігі

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 327 қаулысымен бекітілген толықтырулар мен өзгерістерімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ертіс ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтің 95 түрі көрсетіледі.

         2) Мемлекеттік қызмет көрсетуші туралы мәлімет:

         Ертіс ауданының жергілікті атқарушы органдары 2017 жылғы 12 айда 38973 мемлекеттік қызмет көрсетті.

         Қызмет көрсетушілер көрсеткен қағаз түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) – 1554

         Қызмет көрсетушілер көрсеткен қағаз түріндегі (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда),  бірақ «электрондық үкіметтің»  веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін, барлығы оның ішінде -29991.

         ақпараттық жүйелер арқылы  көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны – 7428.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны – 95.

         3) Көбінесе талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

         Көбінесе талап етілетін қызметтер болып жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтамаларды және ветеринариялық анықтамаларды беру туралы қызметтер болып қалады. Ветеринариялық паспортты берумен ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіруді өткізу.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары және көздері туралы мәліметтер

         Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа тұрғындардың  оңай қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында стендтерде анық көрінетін жерде стандарттар мен регламенттер орналастырылған. Сондай-ақ Ертіс ауданы әкімінің ресми сайтында, «Халыққа қызметтер» бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері орналастырылған.

         Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар басшылары мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімдеріне бақылау жүргізеді, әрбір мемлекеттік органда жауапты тұлға белгіленген. Тоқсан сайын облыс әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингісі бөліміне көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есеп ұсынылады. 2017 жыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.

         2)  Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын көпшілік талқылау туралы ақпарат

         Орталық мемлекеттік органдардан стандарттар жобалары түсуіне қарай көпшілік талқылау үшін Ертіс ауданы әкімдігінің ресми нтернет-ресурсында орналастырылады.

         3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

         Аудан әкімінің аппаратында ай сайын мемлекеттік мекемелер басшыларының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің және бас мамандарының қатысуымен құқықтық жаппай оқыту өткізіледі, онда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің негізгі ережелері, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңы түсіндіріледі. Есепті кезеңде өткізілді:

         2017 жылғы 28 ақпанда аудан әкімі аппараты басшысының басшылығымен мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасны түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Осы семинарда бөлімдер басшылары және мемлекеттік қызмет көрсетуші бас мамандары қатысты. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 816 қаулысымен бекітілген толықтырулар мен өзгерістерімен 2013 жылғы 18 қыркүйектегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі қарастырылды.

         Ағымдағы жылдың 1 наурызында ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бас мамандары үшін «НИТ» АҚ мамандары «Қосалқы шаруашылық бары туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды тізілімде мәліметтерді толтыру және өзекті сипат беру жөнінде оқыту семинарын өткізді, өйткені бұл қызмет баламалы негізде көрсетіледі.

         Аудан әкімдігінің интернет-ресурсында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті электронды форматта  алу мүмкіндігі туралы мақалалар орналастырылған.

         Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Павлодар аймақтық орталығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жағдайында мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру» тақырыбындағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары өткізілді, онда 12  мемлекеттік қызметші оқытылды.

         2017 жылғы 31 наурызда кәсіпкерлер палатасы басшысының, мемлекеттік органдар басшыларының, «НұрОтан» партиясы Ертіс филиалының бірінші оранбасарының, көрсетілетін қызметті алушылардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді көпшілік талқылау өткізілді.

         2017 жылғы 23 мамырда «Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

         2017 жылғы 24 мамырда «Луговой ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

         2017 жылғы 26 мамырда «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» ММ «Ерлі зайыптылар мен ата-аналардың құқызтары мен міндеттері, отбасын сақтау мен нығайту» тақырыбында жас отбасылар мен некеге тұрушылармен семинар-кеңес өткізілді. 2017 жылғы 20 мамырда аудандық «Ертіс Нұры» және «Иртыш» газеттерінде «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-дегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөніндегі мақаласы жарияланды.

2017 жылғы 27 мамырда аудандық «Ертіс Нұры» және «Иртыш» газеттерінде «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппаратында құқықтық бұзулардың ескертуі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы жүргізілетін жұмысы туралы ақпарат», «Информация о проводимой работе по профилактике и противодействию коррупции в аппарате акима Коскольского сельского округа» мақаласы жарияланды.

2017 жылғы 3 маусымда аудандық «Ертіс Нұры» және «Иртыш» газеттерінде «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ «Государственные услуги-как инструмент в борьбе с коррупцией» мақаласы жарияланды.

2017 жылғы 10 маусымда аудандық «Ертіс Нұры» және «Иртыш» газеттерінде «Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет-гүлденген мемлекет», «Страна без коррупции –процветающая страна» мақаласы жарияланды.

2017 жылғы 20 шілдеде «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

2017 жылғы 22 шілдеде аудан әкімдігінің кеңейтілген отырысында білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.С. Багиенова «Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» тыңдалды.

2017 жылғы 29 шілдеде аудандық «Ертіс Нұры» және «Иртыш» газеттерінде «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша мақала жарияланды.

2017 жылғы 3 тамызда Ертіс ауданы ауылдық округтерінің бас мамандарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

2017 жылғы 6 қыркүйекте аудан әкімі аппараты басшысының басшылығымен Қазақстан Рсепубликасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан 18.09.2017 ж. бастап 22.09.2017 ж. дейін 10 мемлекеттік қызметшілер өтті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Үкіметтік емес акционерлік қоғам өкілдерінің қатысуымен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта халыққа мемлекеттік қызмет ұсыну бойынша арнайы оқыту семианарлары өткізілді.

2017 жылғы 17 қазанда Ертіс ауданы әкімі аппараты басшысымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҮЕ АҚ ХҚКО-филиалы департаменті бөлімі басшысымен тағылымдама кестесі бекітілді. 16 ауыл және ауылдық округтер мамандары  оқытылды.

2017 жылғы 31 қазанда мемлекеттік-құқықтық бөлімінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҮЕ АҚ ХҚКО-филиалы Ертіс департаментімен бірлесіп Луговой, Северный, Байзақов ауылдық округтеріне компьютер сыныптарында мектеп оқытушыларын оқыту үшін шығуы жүзеге асырылды.

2017 жылғы 6 қарашада аудандық Мәдениет үйінде «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – Теңмен тең» өткізілді.

2017 жылғы 7 қарашада ХҚКО өкілдерінің қатысуымен білім беру және ахат бөлімдерімен электрондық мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

2017 жылғы 8 қарашада ХҚКО өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, жұмыспен қамту орталығымен, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімімен электрондық мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

2017 жылғы 9 қарашада ХҚКО өкілдерінің қатысуымен ветеринария бөлімімен, ветерианриялық станция, аудандық ауруханамен электрондық мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

2017 жылғы 18 қарашада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҮЕ АҚ ХҚКО-филиалы департаменті «ЭЦҚ-сыз egov.kz-те қандай қызметтерді алуға болады» мақаласы жарияланды.

2018 жылғы 18 қарашада «Электрондық үкімет – қарапайым, түсінікті және қолжетімді». 2017 жылғы 8 желтоқсанда электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес өткізілді. 2017 жылғы 14 желтоқсанда мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша мемлекеттік қызметтер жөніндегі отырыс өткізілді.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандырудың нәтижелері

 

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандырудың нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсерін тигізуде. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі жеңілдетіліп, мерзімдері қысқаруда.

 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметшілердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шара

2017 жылы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан 18.09.2017 ж. бастап 22.09.2017 ж. дейін 10 мемлекеттік қызметшілер өтті.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау

 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушалардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2017 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушалар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдеріне жол берілген жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.

Көрсетілген кезең бойынша өткізілген бақылау іс-шараларының саны 12 құрады, бекітілген бақылау іс-шараларының жылдық жоспарына сәйкес – 12, бақылау іс-шараларының объектілер саны – 12, өткізілген іс-шаралар қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнаманы өрескел бұзушылық  анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзге талаптарын бұзу фактілері бар – 29, 53 ұсыныс әзірленд, оның ішінде орындалғаны 53.

Осымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды құлақтандыру бойынша әлсіз түсіндіру жұмыстары анықталды, осыған байланысты электрондық және баспа БАҚ жария ету формасында тиісті түсіндіру жұмысын өткізу ұсынылды.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган өткізген мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылаудың нәтижелері.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылау қағидаларына, Ертіс ауданындағы 2017 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Ертіс ауданы әкімдігі мемлекеттік-құқықтық бөлімі 12 мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақталуы бойынша тексеріс жүргізді, атап айтқанда: «Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты ММ, Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты ММ, «Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» КММ, «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Луговой ауылы әкімінің аппараты ММ, «Ертіс ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, бақылау іс-шаралары қорытындылары бойынша бөлімдердің 3 маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды (ескерту түрінде жер қатынастары бөлімінің бас маманы Е.В. Урбан, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас мамандары Ю.М. Черепанов, Г.А. Жанабекова), бұдан әрі «Ертіс ауданының білім бөлімі» ММ, «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Ертіс ауданының ветеринария бөлімі» ММ. Ертіс ауданындағы 2017 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылау іс-шараларының жоспары 100 % орындалды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және алдағы уақыттағы тиімділігінің перспективалары

2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру бойынша жұмыс жалғасады, атап айтқанда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу, электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі арттырылады. Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Үкіметтік емес акционерлік қоғам өкілдерінің қатысуымен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта халыққа мемлекеттік қызмет ұсыну бойынша арнайы оқыту семианарлары өткізілетін болады.

Электронды форматта мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы халықты құлақтандыру бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.