Бүгін: 04 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру мәселелері бойынша

     Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бір қатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды.

     Ұлттық құқықтың уақыттың жаңа талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің норма түзушілік және құқық қолдану қызметін одан әрі жетілдіру қажет.

     Сыртқы саяси және сыртқы экономикалыққызметті құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттің құқықтық саясатының жаһандану жағдайында барынша қанат жайып келе жатқан халықаралық-құқықтық қырлары бар.

     Сыртқы саясат саласындағы ұзақ мерзімді ұлттық мүдделердің қорғалуына, халықаралық аренада екі жақты және көпжақты сипаттағы өзара пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған осындай қызмет барабар халықаралық-құқықтық реттеуді қажет етеді.

     Мемлекеттің сыртқы саясаттағы мақсаттарын іске асыру үшін халықаралық шарттар жасасуға және халықаралық ұйымдарға қатысуға деген теңдестірілген әрі салмақты көзқарас талап етіледі, ол үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және басқа салдарларды болжау жөніндегі байыпты жұмыс жасалуы керек. Қазақстанның ұлттық мүдделерін халықаралық аренада қамтамасыз ету үшінхалықаралық-құқықтық институттар мен ұйымдар белсенді пайдаланылуы тиіс.

     Құқықтық саясаттың құрамдас бөлігі, елдің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің, оның зияткерлік әлеуетін арттырудың маңызды шарты болып табылатын ғылыми және білім беру қызметін құқықтық реттеу болмақ.Ғылым-білім беру қызметінің құрамдас бөлігі, өз кезегінде, құқықтық білім беру, құқықтық насихат,яғни құқықтық мәдениет мәселелері болып табылады. Осыған орай, азаматтардың құқықтық санасын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында заңгерлік сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Халық арасында интернет-ресурстарды қоса отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық насихаттың сапасын арттыру мен көлемін кеңейту, заңнаманы және құқық қолданудың өзекті проблемалары бойынша, атап айтқанда, азаматтардың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын құқық салаларында ғылыми зерттеулерді жандандыру қажет.

     Ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы іс-шаралармен тығыз байланысты мәселелердің бірі заңгерлік білім мәселесі болып табылады. Қоғамға және мемлекетке адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағдар ұстанған және патриоттық бағыттағы жаңа сипаттағы заңгерлік кадрлар керек. Нақ осындай тәсіл заңгерлік білім жүйесінің негізі болуға тиіс.
     Қазіргі жағдайда түрлі бейіндегі заңгер кадрларды дайындаудың проблемаларын шешудегі мемлекеттің мүмкіндіктерін шоғырландыру жолымен өту орынды. Мұндай тәсіл мемлекеттік ресурстардың ысырап болмауына және заңгер кадрлар даярлаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

      Құқықтық саясат тұжырымдамасының қағидаларын іске асыру Республика Конституциясының негізгі идеялары мен принциптерін Қазақстанда құқықтық мемлекет құрылымының жаңа кезеңінің аясында өмірімізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

       Қазақстандық заңнаманы осы Тұжырымдамада белгіленген мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес кешенді дамыту және тиімді пайдалану заңдылық режимін одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.