Бүгін: 20 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

ХАБАРЛАМА

2017-08-02

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» № 383-V Заңының 8- бабына сәйкес Ертіс ауданы Қоғамдық кеңесін құрастыру бойынша жұмыс тобын ұйымдастыру үшін «Ертіс аудандық мәслихат аппараты» ММ   жұмыс тобына кандидаттар бойынша өз ұсыныстарын беру үшін коммерциялық емес ұйымдарға, азаматтарға жүгінеді.

       Коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар конкурс туралы хабарламаны жариялаудан кейін 10 күндік мерзімінде жергілікті өкілді органға жұмыс тобына кандидаттар туралы ұсыныстарды жазбаша түрде жолдайды.

         Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір кандидатты ғана ұсына алады. Жұмыс тобына азаматтық қоғамнан кандидатқа Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10- бабының 1- тармағына сәйкес талаптар қойылады.

        

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

        Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

       1) сотталғандығы болмауы;

       2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

        3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмар-лыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

      1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

       2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

  1. Жоғарыда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар кон-курсқа жіберілмейді.

Өз ұсыныстарын 2017 жылы 17 тамыз күніне дейін келесі мекенжайға жолдауыңызды сұраймыз: Ертіс ауылы   Қажымұқан көшесі, 118 үй, «Ертіс аудандық мәслихат аппараты» ММ, анықтама үшін тел. 8(71832) 2-15-61,

2-20-02.