Бүгін: 01 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Саламатсыз ба! Мен Ресейге көшіп кетіп едім. Бір айдан соң, Алматыға қайтып ораламын. Сондықтан зейнетақы жинақтарымды алудың қандай жолы бар екендігін білгім келеді. Бұл қанша уақытты алады?

Басты Хабарландыру БЖЗҚ Саламатсыз ба! Мен Ресейге көшіп кетіп едім. Бір айдан соң, Алматыға қайтып ораламын. Сондықтан зейнетақы жинақтарымды алудың қандай жолы бар екендігін білгім келеді. Бұл қанша уақытты алады?

2018-12-07

Жауап: Зейнетақы төлемдерін алушы ҚР аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін Қорға жеке өзі келгенде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге жағдайлар көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) алушының банк шоты туралы мәліметтері.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы аясында қызмет атқарады. Сондықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтінішті қараған кезде мына Қағидаларды басшылыққа алады. Ол:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары».

Соған сәйкес, егер Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам шетелге көшетін болса, онда ол бірінші кезекте елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдейді. Бұл не үшін керек? Бұл Қазақстанда орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет. 

Бұл үшін ол ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) аумақтық бөлімшелеріне немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) барып өтініш жасайды. 

Айта кетейік, Қазақстаннан кетуді рәсімдеуге арналған ақпараттардың барлығын ҚР Ішкі істер министрлігі ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына жіберіп отырады.

Бұдан кейін шетелге көшетін азамат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтініш жасайды. Өзі келіп өтініш жасайтын болса: шетелдік паспортының түпнұсқасын, зейнетақы жинақтарын аударатын банк шоты туралы мәліметті ұсынады және өтініш жазады.  

Айта кетелік,  құжаттарды үшінші тұлға (сенім артылған) немесе пошта байланысы арқылы да ұсынуға болады.

Зейнетақы Қоры құжаттарды тексеруге алған соң, өтініш берушінің шетелге көшетіндігін растау үшін Мемлекеттік дерекқорға сауал жібереді. 

Құжаттарға қатысты оң жауап алынса, ескертпелер болмаса, Қор құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде төлемдерді алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады. Ал егер құжаттарға қатысты жағымсыз жауап алынса немесе ескертпелер болса, зейнетақы Қоры өтінішті орындаудан бас тартып, алушыға бұл жайында ескертіп, себебін түсіндіреді.   Өкінішке қарай, бүгінде шетелге көшкен немесе көшетін кейбір азаматтар құжаттарды дұрыс рәсімдемейді. Алдымен шетел азаматтығын алып, кейін Қазақстанның азаматтығынан айрылады. Бұл дұрыс емес.

           Ең алдымен, Қазақстанға келіп, белгіленген тәртіпте елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдеу қажет. Кейін Қазақстан азаматтығынан бас тартуға болады. Бұдан кейін егер зейнетақы жинақтары болса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына келіп өтініш жасай алады. 

Құжаттардың барлық тізбесін, оларды рәсімдеу талаптарын, сондай-ақ, өтініш бланкалары мен толтыру үлгілерін «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан мына сілтеме бойынша таба аласыз:

https://www.enpf.kz/kz/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php

Сондай-ақ оқыңыз