Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Сібір жарасы

2017-06-15

Сібір жарасы зоопоздар тобындағы жұқпалы аурулардың санатына жатады. Ол лимфа жүйесінің зақымдануымен, қызбамен, ағзаның итоксикациясымен сипатталады. Көбінесе сібір жарасы терілік түрінде өтеді, өкпе, ішек және септикалық түрлері сирек кездеседі. Сібір жарасы ауруының белгілері 2 күннен 14 күн аралығында анықтала бастайды. Көбіне жұқпалы ауру адамның терісін зақымдайды, сондықтан алғашқы белгілері адам терісінің ашық жерлерінде көруге болады.

Сібір жарасының ошақтарындағы микробтарды ауылшаруашылық малдар табиғаттан тасымалдайды. Халық арасында малдар қорымдарының жерлері қарғы тиген жерлер деген атаулары тегін емес, өйткені топырақтағы ошақтар өзінің әлеуетті эпизоотикалық және эпидемиологиялық қауіпін он жылдар бойы сақтайды. Кейбір ғалымдар сібір жарасының поралары топырақта 50-70 жылдан астам уақыт сақталады деп ойлайды, осындай ұзақ жылдар бойы ауру қоздырғыштары тұрақтылығының салдарынан бүгінгі күнге дейін «Сібір жарасы бойынша стационарлық-қолайсыз мекен» деген ұғым қолданылады. Ертіс ауданында сібір жарасы бойынша есепке және бақылауға 13 елді мекендерде орналасқан 17 сібір жарасының мал қорымдары жатады. Негізінде, осы елді мекендер өзінің қауіпін сібір жарасының белсенділіктерін әртүрлі дәрежелерінде тұрақты түрде сақтап отыр.

Сібір жарасын алдын алудың негізгі бағыттарының бірі ауылшаруашылық малдарға жаппай иммунды екпелер жасау, аталмыш жұқпалы ауру бойынша стационарлық-қолайсыз елді мекендерді анықтау, есепке алу және малдарды құжаттандыру. Сібір жарасы бойынша қолайсыз аумақтарда агротехникалық, суармалы жұмыстардың өткізілуін бақылауға алу, мал қорымдарының, мал айдау жолдарының, жайылымдардың, мал шаруашылығы нысандарының жағдайларын бақылау және динамикалық түрде қадағалау жасау сібір жарасы бойынша эпизоотикалық-эпидемиологиялық қадағалаудың міндетті бөлшегі болып табылады.

Жеке шаруашылық жүргізу барысында, малдардың күтімі тұрмыстық жағдаймен сабақтасқан жағдайда мал күтімін жасап жүрген адамдар ауруды оңай жұқтырып алулары мүмкін. Сондықтан, үй жануарларының иелері ауру малдың мәжбүрлі союын мал дәрігерінің рұқсатын алған жағдайда жүзеге асыру тиіс.

 

Ертіс ауданының

Қоғам денсаулығын

сақтау басқармасының басшысы                                       З. Дүйсенова

 

АШМ ветеринарлық қадағалау және бақылау

аумақтық инспекциясының басшысы                                 Е. Кәрімжанов

Сондай-ақ оқыңыз