Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Тағамға биологиялық белсенді қоспа "Сайвелин" туралы

Басты Хабарландыру Ертіс ауданыдқ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Тағамға биологиялық белсенді қоспа "Сайвелин" туралы

Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  ақпаратына сәйкес Ертіс аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан аумағына «Сайвелин» 100 мг капсулалар тағамға биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға,  әкелуге және іске асыруға тыйым салу туралы назарларын аударады.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен өнімнің қауіпсіздік мониторингін өткізу щеңберінде Кеден одағының 022/2011 «Тағам өнімінің таңбалау бөлігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес  тағамға биологиялық белсенді қоспа «Сайвелин» сатып алынды. Сараптама нәтижелері бойынша Кеден одағының 022/2011 4 техникалық регламент талаптарына сәйкес тараудың 4.12-бабы 1-тарауының «Тағам өнімінің таңбалау бөлігі» көрсетілген таңбалау туралы ақпарат өндіруші ЖШС "Сайга-БИО", Алматы қаласы, Чайкин к-сі, 3Б үй дәйекті болып табылмайды және тұтынушыларды жаңылыстырады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 969 қаулысына сәйкес  «Қазақстан Республикасының барлық аумағында ақбөкендерді,  олардың бөліктері мен туындыларын пайдалануға, ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, 2020 жылға дейін тыйым салуды енгізу туралы», осы тағам биологиялық белсенді қоспаларға  ақбөкеннің мүйізінен жасалған экстракт түріндегі тыйым салынған ингредиент  пайдаланылады.

Сондай-ақ оқыңыз