Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Менингиттің алдын алуы

2019-08-21

Менингит – мидың және жұлынның қабынуы.  Менингиттерге менингиалды синдром тән, олар бас ауруы, құсу, желкенің бұлшықеттерінің қатайуы, жарықтан қорқу т.б. Сырқат түрлі бактериялар, вирустар, санырауқұлақтармен қоздырылады.

Өкінішке орай, осы қауіпті  сырқаттан әмбебаб қорғаныс әдістері жоқ, бірақ сырқаттанудың қатерін вакциналау арқылы және алдын алу шараларын ұстану арқылы азайтуға болады.

Менингиттің алдын алу тәсілі: вакциналау

            Вакциналау - менингитке әкеліп соқтыратын көптеген сырқаттардың алдын алады. Бактериалды және вирусты менингитен сақтайтын вакциналардың түрлері:

  • Өкпенің қабынуын, менингит және тағы басқа жұқпаларды болдырмайтын В типті гемофильді инфекцияға қарсы. Бұл вакцинаны балаларға 2 айлығынан бастап 1,5 жасқа дейін егеді. Бұдан бұрын гемофильді жұқпаның бактериялары менингиттің ең көп тараған  қоздырғыштары болып саналатын, бірақ осы вакцинаның көмегімен сондай жағдайлар сирек кездеседі.
  • Пневмококк вакцинасы да менингит қоздырғыштары – бактериялардан қорғайды. Пневмококк вакцинасын балаларға 2 айлығынан бастап 1,0 жасқа дейін егеді.
  • Менингококк вакцинасы кейбір ауру тудыратын - менингит қоздырғышынан қорғайды.  Бұл екпені жатақханада тұратын алғашқы курстағы студенттерге, жаңадан түскен солдаттарға, иммунды жүйесінің белгілі сырқаттанушыларға, одан басқа менингиттің эпидемиялары кезеңдеп пайда болатын елдерге, мысалы Африканың кейбір елдеріне саяхаттанушыларға.     

Менингиттің алдын алу тәсілі: басқа әдістері

Вакцинациядан басқа менингиттің алдын алу үшін келесі тәсілдер ұсынылады:

  • Менингит науқасымен қарым - қатынастан тартыну. Менингит  жөтелгенде, түшкіргенде, одан басқа, жеке бас гигиена заттарын, мысалы тіс щеткасын, сүлгіні бірге қолданғанда ауа – тамшы жолымен таралады. Егер жанұяңызда науқас болса, оны басқа отбасы мүшелерінен оқшаулауға тырысыңыз.
  • Арқашан қолыңызды сабын қолданып жуыңыз.
  • Науқаспен жақын қатынасқан жағдайда міндетті түрде дәрігерге жолығу қажет.
  • Сырқатты жұқтыру қауіпі бар аймақтарға саяхатқа шыққан бетте ерекше сақ болыңыздар! Менингиттің кейбір түрлерін жанурлармен жәндіктер таратады, сондықтан олардан неғұрлым алыс жүріп, жәндәктерге қарсы құралдармен пайдалануызды ұмытпау қажет!

Сондай-ақ оқыңыз