Бүгін: 15 Желтоқсан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Гепатит В –дан қалай сақтануға болады?

2019-08-21

Гепатит В вирусы жоғары жұқпалы – ол адам имунтапшылық вирусынан 100 есе жұқпалы. Вирус сыртқы орта жағдайларына өте төзімді, мысалы құрғап қалған және байқалмайтын қанның дағында, ұстаранын ұшында, шприцте және инъекциялық инеде айлап сақталуы мүмкін.

Адамға вирустың тасымалдаушысы және жедел немесе аурудың созылмалы түрімен ауыратын науқастардан қан арқылы, сонымен қатар жыныстық қатынастың барлық түрі арқылы және анадан балаға беріледі. В гепатиті шаштаразда немесе тату және пирсинг салондарынан да жұғуы мүмкін. Қауіп-қатер тобына нашақорлар, коммерциялық секс жұмысшылары, дәстүрлі емес сексуалды қатынасты ұнататын тұлғалар, аурулар, инъекцияға мұқтаж аурулар және с.с. жатады.

Жасырын кезең орта есеппен 60-90 (15-180) күнді құрайды. Ауру сарғаю және сарғаюсыз түрмен өтуі мүмкін. Жедел В гепатиті созылмалы түрге, одан ары циррозға және бауыр обырына айналуы мүмкін.

Аурудың жедел фазасында науқастың көзінің ағы және терісі сарғаяды, зәрі қараяды, нәжісі түссізденеді, қатты қышынумен журетін бөртпе пайда болады, жалпы мазасыздықтан жағдайы нашарлайды. Жедел В гепатиті 6-8 аптаға созылады. Аурудың ұзақтығы ауырлық деңгейіне, сонымен қатар науқастың имундық жүйесінің жағдайына байланысты. Бастысы - бауырдың циррозын алдын алу. Гепатит В вирусының фульминантты ағымында аурудың аяғы өлімге әкеледі.

В гепатитінен қорғанудың жалғыз жолы – ол екпе алу. Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес балалар туылған соң алғашқы 12сағатта, 2 айлық кезінде және 4 айлық кезінде В гепатитіне қарсы жоспарлы тегін екпеге жатады. В гепатитіне медициналық тыйым немесе ата-аналардың әр түрлі себептермен бас тартып бұрын егілмеген балалар, «қауіп-қатер тобындағы» тұлғаларға, с.і. медицина қызметкерлері, медициналық ЖОО-ның, ООО-ның студенттері, коммерциялық секс жұмысшылары, дәстүрлі емес сексуалды қатынасты ұнататын тұлғалар, нашақорлар, қан препараттарын жиі алатын пациенттер, гемодиализ бағдарламасындағы тұлғалар, онкогематологиялық науқастар, имуносупрессивті препараттар қабылдайтын науқастар, ВГВ науқаспен қатынастағы тұлғаларды жыныстық қатынас және тұрмыстық қатынас берілу жолдарын алдын алу үшін В гепатитіне қарсы екпені тұрғын мекен-жай бойынша емханада тегін түрде алулары мүмкін. В гепатитіне қарсы егілуді қалайтын басқа да жандар жеке меншік медициналық ұйымдарда егілуі мүмкін.

Сонымен қатар В вирустық гепатитінің жеңіл алдын-алу шараларын орындау керек:

-ешқашан жалпы шприцтармен және инъекцияға арналған инелермен қолданбаныздар, инъекция алдында қолды міндетті түрде жуыныздар;

-дәстүрлі емес ем әдістерін қолданбау, мысалы хиджама секілді;

-тек өз жеке бас гигиена құралдарын пайдалану керек, ұстара, тіс щеткасы, тырнаққа арналған тістеуіктер, немесе сырға да;

-өзініздің жеке бас гигиена құралдарын бірге тұратын басқа адамдардың құралдарынан бөлек ұстау;

-татуировкалар, пирсинг, маникюр, педикюр, сән салонындағы кез-келген шаралар тек стерилді құралдармен жасалуы тиіс. Сұлулық салонына барғанда, әр клиентке жаңа ине және жеке сия қолданатынына көз жеткізіңіз;

-кез-келген кесілген жерді немесе ашық жарақатты жабыңыз;

-дені сау бір сексуалды партнердың болуы, немесе басқа жағдайда сақтанған жыныстық қатынас.

Осы оңай ережелерді сақтау арқылы, өзіңізді вирусты В гепатитінен сақтауға болады.

Сондай-ақ оқыңыз