Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Энтеровирустық инфекция

2019-08-21

Энтеровирустық инфекциясы – ол энтеровирустардан (құрамында РНК бар Коксаки вирустары, ЕСНО, поливирустар) туындаған жіті аурулардың тобы. ЭВИ-мен ең көп ауыратын кез жазғы-күзгі айлары.  Инфекция ауа-тамшы, тамақ, су және қатынастық-тұрмыстық жолдарымен таратылады.  Инфекцияның көзі ауратын адамдар, вирус таратушылар, белгілері жоқ науқастар болып табылады.

Орталық жүйке жүйесінің энтеровирустық инфекциясының ең қауіпті түрлерінің бірі энтеровирустық этиологиясымен серозды менингит болып табылады. 

«Серозды менингит» дегеніміз не, белгілері қандай және ол немен қауіпті?

«Серозды менингит» термині ми мен жұлынның қабықтарының қабынудың клиникалық белгілерінен тұрады. Энтеровирустық серозды менингитте инкубациялық кезеңі 1 апта шамасында болады. 

Инфекциялық аурудың алғашқы белгілерінде  (температураның  38-40 t°C дейін көтерілуі, жүрек айнуы, құсу, ішек жұмысының бұзылуы, тамақтың ауырғаны, тері бөртпесі, жарықтан, фотодан қорқыныш сезімі) тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет. 

Дер кезінде емделмегені қандай салдарға әкеп соқтырады? 

- толық немесе жартылай есту қабілетінен айырылу; 

- сөйлеу аппараты функциясының бұзылуы; 

- бас миының шалыс істеуі;

- сирек жағдайда – өлімге дейін апаруы мүмкін коматозды күйі.

            2019 жылдың 6 айында Павлодар облысында серозды менингиттің 4 жағдайы тіркелді. 

Өзінді және айналадағыларынды осы аурудан қалай сақтауға болады

Келесі профилактикалық ұсыныстарды ұстану қажет: 

- ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды және фабрикада құйылған сусындарды пайдалану; 

- тексерілмеген көздерінен су ішпеу, қоғамдық орындарында сусындарды ішкен кезде жеке бір рет қолданылатын стаканды пайдалану; 

- кез келген табиғи су көздеріндегі суды ішуге пайланбау – құдық, фонтан, бұлақ, көл, өзен және т.б.;

- жеміс пен көкөністі сапасы кепілді сумен (бөделкедегі су, қайнатылған су)  жуу; 

- жүзу бассейндріндегі судың ауызға кіруіне жол бермеу; 

- жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау; 

- күніне 2 рет үй жайларды ылғалды тазалау.

Сондай-ақ оқыңыз