Навигация
Күл ауруы - не ол?
2019-08-21
Күл ауруы – күл бактерияларымен шақырылатын, көбіне ауа-тамшылы жолмен берілетін, жиі ауыз және мұрын-жұтқыншақ шырышты қабықтарының қабынуымен, сонымен қатар ағзаның жалпы улану (интоксикация) құбылыстарымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7-10 күнге дейін, жиі 2-5 күнді құрайды. Күл ауруын күлмен науқас адамнан және сау бактерия тасымалдаушыдан жұқтыру мүмкін. Күл ауруымен тек адамдар ауырады, үй, жабайы жануарлардан немесе құстардан жұқтыру мүмкін емес.
Жұғу жолдары:
- ауа-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде);
- тұрмыстық-қатынас (науқаспен қатар қолданған заттар арқылы);
- сирек тағамдық (зақымдалған азық-түлік арқылы).
Күл ауруының көрінуі әр түрлі және орнығу үрдісіне байланысты. Ауру жоғарғы тыныс жолдарын (көп жағдайда), сондай ақ теріні, көзді, жыныс мүшелерін зақымдайды. Күл таяқшасы ауа арқылы бактериятасымалдаушылардан және жоғарғы тыныс ағзалары қабынған науқастардан жұғу қаупі жоғары.
Ауруға келесі симптомдар тән: дене температурасының 38-39С дейін көтерілуі, тамақтың қызаруы, жұтқанда ауырсыну, таңдай бадамшаларының үлкеюі, жұмсақ таңдайда былғанышты-ақ қабықтар пайда болуы, мойын лимфатүйіндерінің үлкеюі, тері жабындыларының бозаруы. Күл ауруына тән белгілердің бірі – науқастың аузынан тәтті иістің шығуы.
Күл ауруы бірқатар ауыр асқынулармен жүреді. Олар кез-келген орныққан үрдісте болуы мүмкін. Күл ауруының асқынуларына - жүрек-тамырлық, бүйректік, неврологиялық, ми ісігі, пневмониялар жатады.
Дифтериядан сақтанудың жалғыз тиімді жолы – вакцинопрофилактика. Күл ауруына қарсы профилактикалық екпелер инъекция санын азайтатын, бір дозада 6 вакцинаның компонентін біріктіре алатын комбинирленген «Гексаксим» (күл ауруына, сіреспеге, көкжөтелге, гемофилдік жұқпаға, В вирустық гепатитке және полиомиелитке қарсы) және «Пентаксим» (күл ауруына, сіреспеге, көкжөтелге, гемофилдік жұқпаға және полиомиелитке қарсы) секілді АбКДС вакцинасымен жүргізіледі. Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес күл ауруына қарсы вакцинация балаларға 2, 3, 4 айлық жаста, ревакцинация 18 айлық, 6 жаста, АДС-М вакцинациясы 16 жаста және одан кейін әр 10 жыл сайын ересектерге вакцинация жүргізіледі.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда ересектер вакцинопрофилактикасы ерекше маңызды. Ересектер арасында бірінші кезекте вакцинация қажет қауіп-қатер тобына – медицина қызметкерлері, медбикелер, балалар ұжымындағы жұмысшылар, мұғалімдер және мектеп, бала-бақша жұмысшылары, қоғамдық тамақтану және қызмет ету ортасындағы жұмысшылар жатады. Сонымен қатар, күл ауруымен ауырып болған тұлғалар да екпеге жатады.
Емдік мақсатта вакцинациядан бөлек арнайы күлге қарсы сарысу қолданылады. Емдеу барысында стационарда науқасты аурудың күрделігіне байланысты белгілі мерзімге оқшаулайды. Аурудың өршуіне жол бермеу ушін иммунитет жоғары болуы тиіс, сондықтан үй емдәмінде дәрумендер, пайдалы минералдар және микроэлементтер жеткілікті мөлшерде болу керек.
Жоғарыда айтылғандай, осы ауруды болдырмаудың негізгі жолы вакцинопрофилактика болып табылады. Екпелерден бас тартпаңыз! Егерде аурудың белгілері бар болса, дер кезінде дәрігерге қаралыңыз, қауіпті жұқпаны өз бетімен жібермеңіз.
Сондай-ақ оқыңыз
- — Барлығы кеміргіштермен күрес!
- — Құтыру
- — Ертіс аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы кремі бар торттарды дайындау қызметімен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың назарына қоғамдық тамақтандыру объектілеріне 50-ден астам орын, крем-кондитерлік өнімдерді өндіру объектілеріне объектінің санитарлық ережелерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс екендігін жеткізеді.
- — "Үй торттары"
- — АИТВ және ЖИТС деген не?
- — Менингиттің алдын алуы
- — Скринингке тексеріп – қарауды ұмытпаңыздар
- — Гепатит В –дан қалай сақтануға болады?
- — Энтеровирустық инфекция
- — Жарақаттанудың алдын алу
- — Абайланыз, туляремия!
- — Қарбыз және қауынды сатып аларда неге көңіл аудару қажет!
- — С вирустық гепатиті дегеніміз не?
- — Бақша өнімдеріндегі, көкөністердегі нитраттар немен қауіпті?
- — Сібір жарасының алдын алу
- — Екпе алып аман - сау бол!
- — Дерматомикоздың алдын алу
- — Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
- — Барлығы масамен күрес үшін!
- — Абайлаңыз, су тасқыны кезеңі!
- — Сіздің денсаулығыңыз –өз қолыңызда!
- — Абайлаңыз бруцеллез!
- — Бірге ЖРВЖ және тұмауға қарсы!
- — Қызылша дегеніміз не?
- — Екпе алудың қажеттілігі қанша?
- — Сібір жарасы туралы не білуіміз керек?
- — Балалардың тиімді тамақтануы туралы не білеміз?
- — Менингококкты инфекция және алдын алу шаралары
- — Көкжөтелді алдын алу.
- — Темекі шегу мен маскүнемдіктің зиян
- — Туляремия және лептоспироздың алдын алу!
- — Жіті ішек инфекциялары.
- — Физикалық дене белсенділігі – өмірдің бір бөлігі ретінде
- — Құтырма – өлімге әкелетін ауру!!!
- — Балалар ойыншықтары туралы шындық
- — "Таза су - денсаулық кепілі"
- — "Жұмыс істе, бірақ дене белсенділігі туралы ұмытпа"
- — Бақша өнімдеріндегі, көкөністердегі нитраттар немен қауіпті?
- — «Абайлаңыз, су тасқыны!»
- — Кене энцефалиты туралы не білу керек!
- — Еуропалық иммундау апталығы.
- — Жаңа мүмкіндіктер – жаңа перспективалары
- — «Антибиотик туралы біз не білеміз?»
- — Халықтың санитариялқ – эпилемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер.
- — Туляремия
- — Тұмауға қарсы егілу керек пе?
- — Сібір жарасы
- — Тағамға биологиялық белсенді қоспа "Сайвелин" туралы
- — Ертіс ауданының тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы