Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Жарақаттанудың алдын алу

2019-08-21

Жарақаттану барлық жастағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Көбінесе адамдар өзінің бейғамдығы мен абайсыздығы немесе біреудің немқұрайлылығы мен жауапсыздығынан жарақат алады, мүгедек болып, өмірінен айырылып қалуы да мүмкін.

Егер Сіз құласаңыз және аяқ-қолыңыздың жіті түрде ауырғанын сезсеңіз, өзіңіздің күйіңізді бағалау маңызды.

Сынықтың немесе буын шығудың басты белгілері: қатты ауырсыну, өсе түскен ісік, дұрыс қозғау мүмкіндігі болмау.

Ми шайқалудың белгілері: естен тану (кейде тек аз сәтте), жүрек айну, бас ауруымен байқалады.

Қалай да болсын әрі-бері өтушілердің назарын аударуға, көмек сұрауға тырысыңыз. Олар жедел жәрдем шақырып, немесе жақын травматологиялық орынға жетуге көмектесу керек.

Тек жеңіл соғып алу кезінде ғана дәрігердің көмегінсіз амалдауға болады.

Қарт адамдар жарақаттануының алдын алу бойынша ұсыныстар:

- дер кезінде жүрек-қан тамырлары, артроз, остеопороз ауруларын анықтау және емдеу;

- уақытылы және неғұрлым тиімді көзілдірік немесе есту аппаратына тапсырыс беру үшін, көру және есту қабілетін жиі тексеріп отыру қажет;

- үй жағдайында дәрігердің тағайындауы бойынша тепе-теңдік және бұлшық ет жаттығуларын, сондай-ақ күнделікті жүрісті орындау;

- тұрғын үй-жайларында оңтайлы температураны ұстау қажет, өйткені оның елеулі түрде ауытқуы мидың қан қысымы айырмасын нашарлатады, ол үйлесімді қозғалыстардың бұзылуына әкеліп соғады;

- жиі серуендеу, жүзу, жеңіл гимнастикамен айналысу сергектік және қозғалғыштықты сақтауға көмектеседі;

- тәуліктің қараңғы уақытында, ауа райының өте суық кезінде, қар жауған және көктайғақ кезінде үйден шығу орынсыз. Қысқы уақытта серуендеу кезінде құлаудың алдын алу үшін, таяқ қолдану немесе жақын туыстармен қыдыру орынды, әсіресе көшені өткенде, баспалдақпен көтерілу, түсу кезінде бұл өте маңызды;

- тәуліктің қараңғы уақытында бағдарды адам көп жүретін және жарығы бар орындарды таңдап, жақын туыстар және достармен бірге жүру орынды;

- аяқ киімді дұрыс таңдау маңызды. Ол тар болмауы тиіс, бірақ тым үлкен мөлшерде емес, жұмсақ және кедір-бұдыр табанды болуы керек;

- қарт адам тұратын бөлмедегі жиһаз да маңызды рөл атқарады. Мысалы, кереует 60 сантиметрден төмен болмауы, креслолар шұңқыр болмауы керек, креслолар жұмсақ, басқа тірек болу үшін, арты биік болуы керек. Төсектен тұрғанда, шалт қозғалудан сақ болу керек;

- жарақат алу кір жуу, суға шомылу кезінде болуы мүмкін, сондықтан ваннаға суды туыстар немесе қызмет көрсетуші қызметкерлер құю керек. Жуынатын бөлме тұтқалармен, ваннаның шетіне бекітілген тірекпен және арнайы орындықтармен жабдықталуы керек. Жуынатын бөлменің еденіне резина төсеніш төселуі керек.

- қарт адамдар үнемі өз күштері мен ағза мүмкіндіктеріне сенуі керек. Қарт адамдардың жарақаттануын азайту, бұл санаттағы адамдарға мемлекет тарапынан қамқорлық жасау кезінде ғана емес, осы азаматтардың өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне мұқият қарау арқасында болады.

Сондай-ақ оқыңыз