Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Қарбыз және қауынды сатып аларда неге көңіл аудару қажет!

Басты Хабарландыру Ертіс ауданыдқ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қарбыз және қауынды сатып аларда неге көңіл аудару қажет!

2019-08-21

Қарбыздар маусым айында сауда сөрелерінде пайда бола бастайды және сонысымен олар қауіпті- нитраттармен уланудың мүмкіншілігі неғұрлым жоғары болады. «Ең жылдам» пісетін сорттардың өзі шілде айының соңына қарай өнеді. Жақсы қарбыздарды қабылдаудың қолайлы уақыты бұл тамыз айының соңынан бастап қазан айын қоса алғандағы кезең. Бұл уақытта бақшалық дақылдар табиғи өнеді.

    Қарбыз және қауындарды таңдау кезінде қателеспес үшін ең бірінші неге көңіл аудару қажеттігін білу керек:

  • Заңсыз ұйымдастырылған базарлы жерлерден сауда жасамау қажет.
  • Бақшалық дақылдарды сатуға арналған орын қоршалған және күн сәулесінен, жауын-шашыннан қорғалған болу керек. Сату орны шатыр астында орналасуы керек.
  • Қарбыздар биіктігі 20 см кем емес болатын арнайы сөрелерде сақталуы қажет.
  • Қарбыздарды жолдың шетіндегі сауда орындарынан сатып алуға болмайды, өйткені оларға автокөлік газдарының құрамында болатын  ауыр металлдар тез жиналады.
  • Кесілген қарбыздарды сатып алуға болмайды. Қарбызды пышақпен кескен кезде оның сыртқы бетіндегі лас заттар қарбыздың ішкі жұмсағына оңай өтеді.
  • Қабығының бүтіндігіне көңіл аударыңыз, ол сызатсыз, жарықсыз, шұңқырсыз болу керек. Қарбыздарды тасмалдау кезінде көп лақтырады, содан пайда болған шұңқырлардағы қарбыздың жұмсағы ашып кетеді.
  • Қарбызды кесер алдында оны ағынды сумен жақсылап жуу қажет.
  • Кесілген қарбыз немесе қауынды тоңазытқышта 1 тәуліктен асырмай сақтау керек.
  • Қарбызды қабығына дейін жемеңіз, себебі нитраттардың көп мөлшері қабығына жақын және түбіріне қарай жиналады.
  • Сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұраңыз.

Қарбызбен уланудың бірінші белгілері:

  • Қажудың жоғарлауы, қатты бас ауыру, жүрек айну, құсу және іш өтуі болады, кейбір жағдайларда дене қызуы көтеріледі, дірілдеу және буындардың сырқырауы болады.

Бір жасқа дейінгі балалар улануға бейім келеді. Бала емізетін аналарға қарбызды байқап жеу қажет.

Егер уланып қалсаңыз дәрігерге қаралуыңыз қажет!

Сондай-ақ оқыңыз