Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

С вирустық гепатиті дегеніміз не?

2019-08-21

С вирустық гепатиті – парентералды механизммен берілетін, көбіне жасырын өтетін және бауырдан тыс көріністер болуы тән кең таралған антропонозды жұқпалы ауру. Көптеген басқа аурулардың түрімен нағыз себебін жасыратын қабілетіне байланысты С гепатитін «мейірімді өлтіруші» деп атайды. Көбіне сарғаюсыз формалары басым посттрансфузиялық гепатит түрінде өтеді және созылмалыққа бейім. Дүние жүзінде 150 миллионға жуық адамдар С вирустық гепатитімен созылмалы инфицирланған және бауырдың циррозы және/немесе бауырдың обыры түзілу қауіпіне ұшырайды.

С гепатитінің жіті және созылмалы барлық түрімен аурулар, сонымен қатар вирусты тасымалдаушылар жұқпаның көзі болып табылады. Гепатиттің вирусы көбіне ағзаға гематогенді жолмен (қан арқылы), сонымен қатар жыныстық, вертикальды, тұрмыстық қатынас жолдармен түседі. 

Жұқтырған уақыттан  клиникалық көріністері көрінуі (инкубациялық кезең) 2 аптадан бастап  жарты жылға дейін.  Көбіне клиникалық көріністер 1,5-2 айдан кейін  басталады. Көп жағдайда аурудың ешқандай клиникалық көріністері бірінші рет жұқтырғанда туындамайды және адам ұзақ жылдары ауру екенін ойламайды, бірақ сонымен бірге аурудың көзі болып табылады. Егер де көріністер туындаса, жоғары дене қызуы, шаршағыштық, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу, іш ауруы, дәреттің ағаруы, зәрдің қараюы, буындардың ауруы және тері мен көздің сарғаюы түрінде болады. Жиі адамдар HCV вирусының тасымалдаушысы екенін қарапайым медициналық тексеріс кезінде қан талдауына тапсырғанда  немесе донор ретінде қан тапсыруға талпынғанда біледі. Өкінішке орай, көп жағдайда вирус өмір бойына қалады және созылмалы түрге өтеді ("вирус тасымалдаушылар"). Созылмалы С  гепатиті тек шаршағыштықпен немесе интеллектуалды жұмыс қабілетінің кішкене төмендеуімен ғана көрініп, бірнеше жылдардан кейін бауырдың циррозына немесе обырына әкелуі мүмкін.

С гепатитінің вирусы бар ма екенін білу үшін, антиденелердің бар жоғына қан талдауын тапсыру керек. Ағза С гепатитінің вирусына қарсы вирустан жазылғаннан кейін де, қанда өмір бойына қалатын  антиденелер түзеді. Антиденелерге оң тест арнайы бір уақытта С гепатитінің вирусымен инфицирленген деген мағынаны білдіреді, бірақ міндетті түрде адам ауру деген мағынада емес. Бұны анықтау үшін, вирус активті стадияда ма екенін анықтайтын  қосымша тексеріс RNA тесті жүргізіледі. С гепатитінің вирусы бар жоғын анықтауға келесі тұлғаларға тест тапсыруға ұсынылады:

  • қан құйылған немесе ағза алмастырған;
  • есіртке еккен,- өмірде тек бір рет қана және көп жылдар бұрын болса да;
  • бауырдың созылмалы аурулары, АИТС немесе ЖИТС секілді арнайы аурулары бар;
  • қан талдауы бауыр қызметінің бұзылысын немесе бауырдың ауруын көрсеткен;
  • С гепатитімен инфицирленгеннің қанымен контакт болған;
  • С гепатитімен инфицирленген анадан туылған.

Қазіргі күнге С гепатитінің вирусына қарсы екпе болмаса да, жұқтыру қауіпін төмендететін амалдар бар:

  • медициналық ұйымдарда шприцтердің, бор-машиналардың және инструменттердің қолдануына мұқият бақылау. Әр пациенттен кейін көп рет қолданылатын қондырғы дезинфицирленуі керек, ал бір реттік қайта қолдануға жатпайды;
  • шаштараздарда, сұлулық салондарында, тату-салондарында залалсыздандырылмаған инструменттерді қолдануын болдырмау;
  • инфицирленгеннің қанымен контакт болуы мүмкін ортақ жеке заттарды қолданбау,- ұстараның жүзі, тырнақтарға арналған тістегіштер, тіс щеткасы немесе қандағы қант деңгейін өлшейтін құрал секілді;
  • дені сау бір сексуалды партнердың болуы, немесе басқа жағдайда сақтанған жыныстық қатынас.

Жалпы алғанда вирустық гепатиттер көп жағдайда бейберекет жыныстық қатынастың, есіртке қабылдаудың, қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамағанның нәтижесі болып табылады. Қазіргі танда гепатитті  медициналық ұйымдарда жұқтыру мүмкіндігі аса сирек.

Сондықтан, дені сау өмір сүру қалпын ұстану - гепатитке де қатысты ең жақсы алдын-алу шарасы.   Егер де  сіз жұқтыруыңыз мүмкін жағдай болса, тез арада анализ тапсырыңыз.      

Есте сақтаңыз, ерте анықтау және емдеу әлдеқайда кештен жақсы.

Сондай-ақ оқыңыз

SQL Error: Duplicate entry '2019-11-20' for key 'counter_date' at /var/www/u1007/www/engine/statics.class.php line 69
Array
(
    [code] => 1062
    [message] => Duplicate entry '2019-11-20' for key 'counter_date'
    [query] => INSERT INTO `prefix_counter`(`counter_allcount`,`counter_unicount`,`counter_date`) VALUES(514,129,'2019-11-20')
    [context] => /var/www/u1007/www/engine/statics.class.php line 69
)