Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Сібір жарасының алдын алу

2019-05-14

Сібір жарасы-ағзаның ауыр улануымен, лимфа түйіндерінің зақымдануымен сипатталатын жіті жұқпалы ауру. Тері, сирек ішек, өкпе және септикалық түрінде өтеді.

Инфекция көзі-жылқылар, түйелер, ірі және ұсақ мал. Инфекция қоздырғышының резервуары топырақ болып табылады. Топырақта күйдіргі микробтары онжылдықтар бойы (100 жылға дейін) сақталады.

Аса қауіп-қатер сібір жарасы жайластырылмаған мал қорымдарына жақын аумақтарда, сондай-ақ мал өлген және жануарлардың өлекселерін рұқсатсыз көмген жайылымдарда мал жаю болып табылады. Сібір жарасымен негізінен егілмеген жануарлар ауырады.

Ауру жануарда өлер алдында қоздырғыш әртүрлі экскреттермен (несеппен, нәжіспен, қан бөліністерімен) бөлінеді,мәйіттен алынған қан сібір жарасы таяқшаларымен қаныққан, бұл жануарлардан алынатын өнімдердің жұғуына әкеп соғады. Ауру жануардан алынған шикізат (жүн, тері) және одан дайындалған заттар көп жылдар бойы қауіп төндіреді.

Адамның жұғуы жанасу жолымен (жануарлардың ұшасын бөлгенде, терісін өңдегенде және т.б.) және спорамен ластанған тағамдарды жеген кезде, сондай-ақ шикізат (тері, жүн, сүйек) арқылы жүзеге асырылады. Инкубациялық кезең 2-ден 14 күнге дейін.

Сібір жарасы ауруының себебі:

- алдын ала ветеринариялық тексерусіз Ауру жануарларды аулада сою, ұшаларын бөлу, өлген жануарлардың терісін алу және өлекселерін ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтамай көму;

- Ауру жануарларды күту кезінде жеке гигиена ережелерін бұзу;

- ауру малдардан алынған ет тағамдарын дайындау;

- құрылыс агротехникалық гидромелиоративтік және басқа да жер жұмыстары барысында жұқтырылған топырақпен байланыс жасау.

Сібір жарасының жеке және қоғамдық алдын алу шаралары:

- ауыл шаруашылығы жануарларын сібір жарасына қарсы егу жүргізу;

- амалсыз сойылған жағдайда ет пен ет өнімдерін сатуға тыйым салынады.

Жануарлар күйдіргіден өлген жағдайда жануарлардың ұшасы өртелуі, ал олардан алынған тамақ өнімдері жойылуы тиіс. Ауру жануарлармен немесе адамдармен қарым-қатынаста болған адамдар 2 апта ішінде белсенді дәрігерлік бақылауға жатады.

Сондай-ақ оқыңыз