Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Екпе алып аман - сау бол!

2019-04-25

Халық денсаулығын сақтау және нығайту үшін атқарылатын маңызды іс-шаралардың біріне профилактикалық вакцинациялау шараларын өткізу жатады.

Вакцинация әлемде кең тараған іс-шара. Екпемен қамтылған адамдар санын көбейту арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастырылады, ол вакцинациялау арқылы басқарылатын  жұқпаның таралуына және індеттің туындауына тосқауыл болады.

Осылайша, вакцинациялау көмегімен жер шарында табиғи желшешек жойылған, ол өз кезегінде ауыл және қалалық елді мекендерді толығымен жойып, тірі қалған адамдардың бетін тыртық қалдырып бұзған.  Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстан Республикасында полиомиелит жойылған. Халық арасында көп жылдық иммундау шараларын өткізу эпидемиялық паротит, қызылша, қызамық  ауруларын айтарлықтай төмендетуге, көкжөтел, сіреспе ауруларын бірнеше оқиғалаларға дейін азайтуға  мүмкіндік  берді. 2009 жылдан бастап елімізде дифтерия тіркелмеуде. Осыған байланысты, біз жұқпалардың ауыр өтетіндіктерін естен шығара бастадық. Көптеген жас ата-аналар осы жұқпалар туралы естімеген және көрмеген. Сондықтан да, бәрі тамаша деген жалған сезім туындаған, яғни «вакцина керек пе?»  деген сауал да туындап отыр.

Мұндай тұжырым дұрыс емес. Ауру ағзаны қатты қалжыратады және оның қорғау күшін айтарлықтай әлсіретеді. Ал жас баланың ағзасы – екі есе зардап шегеді. Ал вакциналар ауру туғызбайды, тек қана жұқпаға қарсы тұрушы күштерді оятады.

Вакцинациялау жұмыстарын жүргізу кезінде ағза екпеге реакция беруі ықтимал. Вакциналар ағзаға иммундық қорғау қалыптастыру мақсатында енгізілетін бөгде заттар болғандықтан, олар енгізілген тұста күтілетін нормаға сәйкес реакциялар дамиды, олар бірнеше күн өткен соң өтеді.

Соңғы жылдары әлемдік  бұқаралық ақпарат құралдарында  вакциналардың қауіпсіздігіне байланысты күдік білдіретін жарияланымдар саны күрт өскен. Осындай жалған айыптаулар адамдарда негізсіз үрей туғызады, бұл егулерден бас тартулар саны өсуіне әкеледі.

Біз балаларымыздың дені сау жетілуіне - алдын алу егулерін кең көлемде өткізу арқылы қол жеткізілетіндігін әсте де естен шығармауымыз қажет. Халық арасында егу жұмыстарын тоқтатуға болмайды. Егулерді өткізу кезінде жіберілген кемшіліктер жұқпаға сезімтал адамдардың көбеюіне  және асқынулар арқылы өлім-жітімге әкелуі мүмкін.

 

Құрметті ата-аналар!

Жұқпалы аурулардың қауіпті екендігіне және олардың алдын алуға болатынына көздеріңіз жетті деп сенім білдіреміз. Балаңыздың денсаулығы өз қолыңызда! Егуден бас тартпаңыз!

 

Балаңызға егулерді уақтылы алу арқылы  - өз елінің дені сау азаматы болуына көмектесіңіз.

Сондай-ақ оқыңыз