Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Абайлаңыз, су тасқыны кезеңі!

2019-03-27

Көктемгі су тасқыны халықтың денсаулығына нақты қауіп төндіреді, өйткені еріген сулармен ауыз сумен жабдықтау көздеріне-өзенге, ұңғымаларға, бұлақтардың каптаждарына, құдықтарға химиялық, органикалық және биологиялық ластану түсуі мүмкін.

Қардың еруі кезінде өзендерге және басқа да су айдындарына көптеген қоқыстар мен ластанған су түседі. Әсіресе, ауыз сумен қамтамасыз ету көзіне жақын жерде ұйымдастырылмаған стихиялық қоқыс тастайтын жерлер орналасқан болса, бұл қауіпті.

Өкінішке орай, бұлақтар мен құдықтар да эпидемиологиялық тұрғыдан сенімсіз болып табылады, өйткені мұндай көздердің қоректенуі, негізінен, қорғалмаған, су тұтқыш қабаттардың бетіне жақын орналасқан, және ондағы судың сапасы көбінесе жылдың маусымына, көздің өзінің жабдықтарына және іргелес аумақтың санитарлық жағдайына байланысты болады. Су тасқыны кезеңінде судың қаншалықты ластануын болжау қиын. Су тасқыны кезеңінде өзен суының лайлануы 2 мг/л 100-150 мг/л дейін артуы мүмкін, түсі 5 градустан 70 градусқа дейін артуы мүмкін. Сондықтан, су сапасы қолданыстағы нормативтер мен санитарлық ережелер шегінде қалуы үшін сумен жабдықтау объектілерін пайдаланушы ұйымдар су құбыры желісіне келіп түсетін судың сапасына күшейтілген бақылау жүргізеді. Су әр түрлі жұқпалы аурулардың берілу факторы болуы мүмкін. Жұқпалы аурулардан жіті ішек инфекцияларымен (дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі) және "А"гепатитімен сырқаттанушылық өсуі мүмкін. Су тасқыны кезеңінде жабайы жануарлардың, табиғи-ошақтық инфекциялар тасымалдаушылардың су басу орнынан тұрғын үй құрылысы аймағына көшуі мүмкін, бұл үй жануарларының құтыру, энцефалит сияқты жұқпалы аурулармен зақымдану қаупін арттырады. Су тасқыны кезінде ғана емес, сондай-ақ су тасқыны басталғанға дейін, атап айтқанда:

- қазылған шұңқырдан сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару,

 - қатты тұрмыстық қалдықтарды жылытылатын жерлерде жинауға жол бермеу;

 - бұлақтар мен құдықтардан суды ішуге және тамақ дайындауға, әсіресе су тасқыны кезінде пайдаланар алдында оны зарарсыздандыру, мысалы, қайнату, тазалаудың жоғары дәрежелі тұрмыстық сүзгілерін қолдану, сусын үшін бөтелкедегі суды пайдалану қажет. Мұндай судың сапасы тұрақты. Өндірушілер оны, әдетте, ластануға ұшырамаған терең жер асты көздерінен шығарады;

- су басу аймағынан (жертөлелер, сарайлар) азық-түлік өнімдерін алып тастау;

 - жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау (дәретханаға барғаннан кейін, жануарлармен қарым-қатынас жасау, тамақ дайындау және тамақ ішу алдында қолды сабынмен мұқият жуу,);

- су басуға ұшыраған өнімдерді тек термиялық өңдеуден кейін ғана жеуге болады;

- көкөністер мен жемістерді шикі күйінде пайдаланған кезде оларды таза сумен мұқият жуу қажет; - дайын тағамдарды сақтау мерзімін сақтау;

- аумақты және тұрғын үйлерді қолғаппен тазалау.

Жіті жұқпалы ауру белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, құсу, сұйық нәжіс және т.б.) өз бетімен емге алмаңыз, медициналық көмекке мүмкіндігінше тезірек жүгініңіз.

Алдын алу шараларын орындай отырып, сіз ауруды болдырмай, денсаулығыңызды сақтай аласыз.

 

 

Ертіс аудандық қоғамдық денсаулық           

сақтау басқармасының басшысы                                               З.Б Дюсенова

Сондай-ақ оқыңыз