Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Сіздің денсаулығыңыз –өз қолыңызда!

2019-02-26

Туберкулез - бұл адам ағзасының барлық мүшелеріне, көбіне өкпеге әсер ететін микобактерия туберкулезінен туындаған жұқпалы ауру.

Туберкулез Қазақстанда және бүкіл әлемде ең көп кездесетін аурулардың бірі болып қалады.

Туберкулез эпидемиологиясына қолайсыз әр түрлі  әсерлердің арасынан екі  маңызды факторды белгілеуге болады: халықтың әр түрлі жұқпалы  ауруларға  иммунитетінің жалпы төмендеуі  және туберкулез инфекциясы көздерімен байланыстың артуы. Мұның  бәрі  алдын – алу  шаралары, туберкулезді ерте анықтау және емдеуге ерекше көңіл аудартады.

Қазіргі уақытта аурудың ерте сатыларында анықталмаған туберкулез ауруының таралуы байқалады, бұл туберкулез эпидемиологиясы мен  клиникалық көрінісіндегі өзгерістермен түсіндіріледі (көбінесе салмақ жоғалту және тәбетінің төмендеуі, ұзақ жөтел - бұл аурудың алғашқы белгілері), сондай-ақ, бұл ауруға халықтың назары төмендеуде.

Туберкулезді емдеуге болады және оған қарсы күрес маңызды рөл атқарады. Баланың туылуымен ауруханада БЦЖ егу арқылы иммунитет пайда болу үшін туберкулезді алдын-алу басталады. Болашақта БЦЖ регенерациясы 7 жылда жүргізіледі және 12 айдан бастап туберкулезді ертерек анықтау үшін балалар мен жасөспірімдердің туберкулиндік диагностикасы жыл сайын өткізіледі.

Ата-ана назарына: БЦЖ вакцинациядан бас тартпаңыз, бұл сіздің балаларыңызды туберкулездің ауыр формалары бар аурудан қорғайды, ал туберкулиндік диагностика ауруды ерте сатысында анықтайды!

Туберкулезге қарсы күрестің ең маңызды сатыларының бірі – ересек тұрғындардың тұрақты флюорографиялық тексерілуі – ерте кезеңде өкпе ауруларын диагностикалаудың қарапайым және сенімді жолы. Ертіс аудандық денсаулық сақтау басқармасы жыл сайын Ертіс  тұрғындарына флюорографиялық тексеруден өтуге шақырады, туберкулез неғұрлым ертерек анықталса, оны емдеу жеңілдеу болады. Флюорографиялық сәулеленудің  дозасы өте аз, ал туберкулезбен ауыру қаупі әлдеқайда жоғары.
           Тағы бір рет қайталап айтқым  келеді: туберкулез емделеді, ал алдын-алу бізді туберкулездің ауыр түрлерімен аурудан қорғайды!

Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда! Деніңіз сау болсын!

Сондай-ақ оқыңыз