Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Бірге ЖРВЖ және тұмауға қарсы!

2019-02-08

Жылдың күз-қыс мезгілі басталысымен жіті респираторлы жұқпалар мен тұмаудың маусымдық көтерілуі байқалады. Тұмау ең кең таралған вирусты аурулардың бірі болып саналады. Біздің әрқайсысымыз өмірімізде кем дегенде бірнеше рет «тұмауратамыз». Сондықтан да болар біз тұмауға жеңіл-желпі қараймыз, артынан болатын асқынуларды ескермей ауруды жүріп өткіземіз, теледидардан жарнамалайтын рецептісіз сатылатын дәрі-дәрмектермен өздігінен ем жүргіземіз. Алайда, тұмау вирусы өте қауіпті, әрі қу және оның еміне қалай болса солай қарау өте ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.

ЖРВЖ және Тұмау вирусына шалдығу өте оңай, себебі ол жан-жаққа ауалы-тамшылы жолмен таралады және науқас болған жылы, ауасы нашар алмасатын бөлмелерде ұзақ сақталады. Әсіресе тұмауды иммунитеті әлсіреген адамдар жеңіл жұқтырады – жүкті әйелдер, балалар, қарттар.

ЖРВЖ және Тұмаудың алғашқы белгілері барлығына мәлім - әлсіздік, қалтырау, дене қызуының 38-39 градусқа дейін көтерілуі, бұлшықет пен буындардың сырқырауы. Бастың қатты ауру сезімі, көздің ауруы, әсіресе жарыққа, көзден жас ағу секілді белгілер жиі байқалады.

Кез-келген дәрігер мақұлдайтын жайт: тұмау мен оның асқынуларын емдегеннен гөрі, аурудың алдын алу әлдеқайда жеңіл. Және алдымен ағзаның қорғаныш күштерін жоғарылату қажет – яғни арнайы емесе иммунитетті күшейту қажет. Ағзаның вирусқа қарсы тұру қабілетін күшейту үшін бірқатар шаралар кешенінің талаптарын орындау қажет, рационалды тамақтану мен полидәрумендерді қабылдаудан бастап, денені шынықтырумен аяқтау.

Алдын алудың тиімді шараларының бірі болып екпе табылады. Біздің елімізде тіркелген вакциналар қауіпсіз, жеңіл тасымалданады және қолдануда ыңғайлы. Ертіс ауданында  жыл сайын іңдет алды маусымда (қазан-қараша) облыстық бюджет есебінен халықтың қорғалмаған топтарын тұмауға қарсы егу жүргізіледі (балалар үйлері, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектеп-интернаттардың балалары, қарттар мен мүгедектер үйлерінің қамқорындағылар мен жүкті әйелдер).

Алдын алудың бір шарасы – екпе егу болып табылады. Вакцина жоғары дәрежеде тазартылған, қауіпсіз, жеңіл өтетін, қолдануда ыңғайлы.

ЖРВЖ, Тұмау маусымы кезінде осындай қарапайым, алайда өте тиімді қорғану шараларын ұмытпаған жөн: қолды жиі-жиі сабындап жуу (әсіресе қоғамдық көлікте жүргеннен кейін) және әрбір 2-3 сағат сайын ауыстыра отырып, бірреттік бетперделерді қолдану. Егер сіз суықтап ауырып қалсаңыз жөтел этикетін сақтаңыз – ауыз бен мұрынды беторамалмен жабыңыз. Тағамға лимон, бал, сарымсақ, пиязды тұтынып, ұсатылған сарымсақ пен пияздың буларымен дем алу.

Жалпы алғанда, денсаулығыңызға жете көңіл аударып, алдын алу шараларын ұмытпау қажет, ауруды өз бетімен жіберіп қойып, «аяқта» өткізбеген жөн.

Сондай-ақ оқыңыз