Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Екпе алудың қажеттілігі қанша?

2019-02-08

Екпе жайлы қазіргі таңда барлық ата−аналардың хабары бар, алайда баланы егуге алып келген кезде әр түрлі сенімсіз жағдайларға келеді. Бұл сенімсіздіктің де өз себебі бар, өйткені қазіргі таңда балаларымызды екпе арқылы қорғайтын жұқпалы аурулар мүлдем кездеспейді.

30−40 жыл бұрын ата−аналарға қызылша және күлдің қауіптілігі жайлы айтудың қажеті болмады, себебі науқас балалардың өліммен аяқталған жағдайлары жетерлік болды! Ал көкжөтелдің ауыр жөтелі әрбір қала ауласынан естілетін. Сал ауруының ауыр асқынуы болып табылатын мүгедектіктен қорқыныш әрбір ата−ананың көкейтесті мәселесі болды. Бүкіл әлемде екпе жұмыстары белсенді түрде ұйымдастырылады, дамыған кейбір мемлекеттерде екпе алмаған бала ата-анасының қамқорсыздығы деген түсінік те пайда болды.

БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ – ОСЫ ЖҰҚПАЛАР ҚАУІПТІЛІГІНІҢ БОЛМАУЫ – ТЕК АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЛДЫН АЛА ЕГУЛЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ОТЫР!

Қазақстан Республикасында еліміздің Үкіметімен бекітілген алдын ала егулердің күнтізбесі және алдын ала егулер жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізімі бар. Елімізде екпе жұмыстары көбіне ауыр жағдайда өтетін, өлім көрсеткіштері жоғары, асқынулары ауыр және көбіне балаларда кездесетін жұқпалы ауруларға қарсы үздіксіз 55 жыл бойы жүргізілуде!

Екпе күнтізбесіне сәйкес келесі ауруларға қарсы егілу қажет:

  • Туберкулез – 1-4 күн, 6 жас (1 сынып).
  • Күл, сіреспе, көк жөтел – 2, 3, 4 және 18 айда, 6 жаста. Әрі қарай күл мен сіреспеге қарсы 16 жаста және ересектер арасында 10 жыл сайын.
  • «b» типті гемофильді таяқшасымен шақырылатын аурулар – 2, 3, 4 және 18 айда.
  • Сал – 2, 3, 4, 12-15 және 18 айында.
  • Қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит – 1 және 6 жаста.
  • «В» вирусты гепатиті – 0-1 күн, 2 және 4 айда.
  • Пневмококкты инфекция – 2, 4 және 12-15 айда.

Егу  –  туберкулездің ауыр түрлері, сал, қызылша, қызамық, күл, сіреспе, көкжөтел, «В» гепатиті, туа біткен қызамық синдромы, эпидемиялық паротит, гемофильді инфекция және басқа да жұқпалы аурулардан тұрғындарды және балаларды қорғаудың ең тиімді әдісі болып табылады. Екпе арқылы көптеген жұқпалы аурулардың санын азайтып қана қоймай, сонымен қатар мүлдем жоюға болатынына (мысалы: шешек – натуральная оспа) көзіміз жетті.

ҚҰРМЕТТІ АТА−АНАЛАР! СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ӨЗІНІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА! ӨЗ БАЛАҢЫЗҒА ДЕР КЕЗІНДЕ ЕКПЕ АЛУҒА ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДІҢ ДЕНІ САУ АЗАМАТЫ БОЛЫП ӨСУІҢЕ ҮЛЕС ҚОСЫҢЫЗ!

Сондай-ақ оқыңыз