Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Менингококкты инфекция және алдын алу шаралары

Басты Хабарландыру Ертіс ауданыдқ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Менингококкты инфекция және алдын алу шаралары

2018-09-19

Менингококкты инфекция, кең таралған менингит – жұқпалы ауру. Ауру жедел менингит түрінде (ми қабағының зақымдануы) немесе менингококкты сепсис (қанның зақымдалуымен), кейде мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатының зақымдануымен сипатталады. Алғашқы белгілері суық тию белгілерімен бірдей, яғни мұрын қуысының бітелуі, жөтел байқалады. Содан кейін 3 басты симптомы пайда болады: жоғары температура 39-40 градус, кенеттен құсу рефлекстерінің болуы және бас ауруы.

Ауру көзі кім болып табылады? Ауру көзі ауру адам және менингококк тасымалдаушысы. Қоршаған ортада бактерия тасымалдаушылары аса қауіпті. Менингококкты инфекция тасымалдаушыларының қауіптілігі өздері ауырмай айналадағы адамдарға жұқтыру қаупі жоғары. Бұл ауру барлық жерде, әлемнің барлық елдерінде кездеседі. Ауру қыс-көктем кезеңінде өршиді, бұл қоғамдық орындарда, көлікте, адамдардың көп шоғырланған, таза ауада аз болатын адамдар арасында жиі кездеседі. Ауру қалай беріледі? Инфекцияның берілу жолдары ауа-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Микроб жоғары тыныс жолдарының кілегей қабаты арқылы сау адам организіміне ауру көзімен ұзақ уақыт және тығыз қатынаста болғанда (бірге ұйықтағанда, бірге тамақ ішкенде, бірге оқығанда және тәрбиеленгенде) енеді. Зақымдалғаннан ауру басталғанға дейін инкубациялық кезең - 10 күн. Ауру жұқтырған күннің бірінші күнінен бастап қауіпті.

Профилактикалық шаралары қандай? Қоғамдық көлікте балалармен бірге жүруден және ұзақ уақыт салқын жерде болудан, адамдар көп шоғырланған дүкендер орындарға барудан бас тарту; Балалармен таза ауада көбірек демалу, денені шынықтыруды да ұмытпаған жөн; Су процедуралары, күн тәртібі ережелерін сақтау, организмнің ауруға қарсы тұруын күшейтеді;Суық тию белгілері байқалғанда, айналадағы бөтен адамдарға жұққызбау үшін бір реттік маска пайдалану қажет.

Науқас адам бар жерде күнделікті ылғалды жинастыру, жиі желдету шараларын өткізу қажет, балалар мекемелерінде бактериоцидті лампамен ауаны залалсыздандыру, жататын орындарда балалар санын азайту.

Отбасында, ұжымда аурумен қатынаста болғандар 10 күн медициналық бақылауға алынып, менингококк тасымалдаушыға тексеріледі. Өзін-өзі емдеумен айналыспай, дәрігерге қаралу қажет.

Сондай-ақ оқыңыз