Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Физикалық дене белсенділігі – өмірдің бір бөлігі ретінде

Басты Хабарландыру Ертіс ауданыдқ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Физикалық дене белсенділігі – өмірдің бір бөлігі ретінде

2018-09-10

Физикалық дене белсенділігі біздің күнделікті өміріміздің бөлігі болуы тиіс – ол жұмыс орнында, үйде және отбасылық мерекелер бөлігінде. 

Төмен физикалық дене белсенділігі өз уақытының негізгі бөлігін компьютер алдында өткізетін кеңсе жұмысшыларында өте жиі көрініс алады. Алайда жұмыс күні бойына қозғалыстың жеткіліксіздігін кеңседе-ақ толтырса болады. Бұл үшін жаттығу залындағыдай жаттығуларды орындау немесе еденге жатып жасаудың қажеті жоқ. Мысалға, компьютер алдындағы әр бір сағат сайын сіз саусақтарыңыз бен білегіңізді жазсаңыз, қолыңызды жоғарыға көтеріп, шынтақ буындарын айналдырсаңыз және иығыңызды қозғасаңыз сізге ешкім алайып қарамайды. Сондай – ақ қанайналымды қалпына келтіру үшін басыңызды алға –арқа, оңға –солға қарай тіптен жылдам емес, ал абайлап және ақырын бұру қажет. Нұсқама ретінде бұл жаттығуды ұжымда жасауға болады, ол қызметкерлерге пайдалы болып келеді.  

Әр 2-3 сағат сайын үстелден тұрып және толықтай жаттығу қажет, кеңсе ішінде жүру немесе баспалдақтан көтеріліп түсу. Бұның бәрі көңіл күйді және психологиялық жағдайды көтереді.

Егер жұмыс уақытынан кейін бірден үйде жағдайында отыру қалпында болсаңыз бұның бәрі жеткіліксіз болады. Басқа динамикалық түрдегі жүктеме арқаның бұлшықетін нығайтып, оны шыдамды ете түседі.  Көрсеткіш ретінде – сіз ауруды аз сезінесіз, және статикалық жүктемені жеңіл көтеретін боласыз.

Бұл іс таңғы жаттығусыз және жүгірусіз болмайды, шынына келсек – жаттығу залына аптасына 2-3 рет бару саналады. Омыртқаның мәселелеріне йогамен, пилатеспен, стретчингпен айналысу өте жақсы көмектеседі, олар ептілік пен икемділікті жақсартуға, және де жалпы бұлшық етті нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз