Бүгін: 15 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

"Құжаттарды алуды санкциялау туралы материалдарды қарау" тақырыбындағы дөңгелек үстел

Басты Хабарландыру Ертіс аудандық соты "Құжаттарды алуды санкциялау туралы материалдарды қарау" тақырыбындағы дөңгелек үстел

2019-03-06

IMG-20180524-WA0000

Ертіс аудандық сотының төрағасы Д. Нұржановамен "құжаттарды алуды санкциялау туралы материалдарды қарау" тақырыбына полиция тергеу бөлімі бастығының орынбасары К. Назымовтың, Ертіс ауданының прокуроры С. Т. Әбділмановтың және адвокаттардың қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізілді.

Сот төрағасы Д. Қ. Нұржанова сөз сөйлеп, алуды санкциялау кезінде сотқа дейінгі тергеу органының өтініші дәлелді болуы тиіс екеніне назар аудару қажет екенін, онда алуға жататын құжаттың нақты атауын көрсету қажет екенін атап өтті. "Тергеу судьялары алуға жататын құжаттың, мемлекеттік құпияның немесе заңмен қорғалатын құпияның бар - жоғын анықтау қажет", - деп атап өтті сот төрағасы. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына нотариаттық куәландырылған құжаттардың заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттарға жататындығына назар аударылды.

Сондықтан қылмыстық істі тергеу шеңберінде нотариаттық куәландырылған құжаттарды алу тергеу судьясының санкциялауына жатады. Тергелетін қылмыстық іске қатысы бар мәліметтер ғана алуға жатады."Дөңгелек үстел" барысында тұрғын үй-жайды тінтуді санкциялау, заңмен қорғалатын құпиясы бар құжаттарды тінту және алу мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар қылмыстық іс жүргізу заңына енгізілген жаңалықтарды табысты іске асыру сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін органдардың, прокуратураның және соттардың бірлескен және үйлесімді жұмысына байланысты деген қорытындыға келді.

 

Ертіс аудандық сотының

Баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқыңыз