Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

Басты Хабарландыру Ертіс аудандық соты Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

2018-12-21

Ертіс аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы 1 бөлігі бойынша азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 28.10.2018 жылы сағат 20.00 шамасында азамат Ж. өзінің үйінде мас күйінде бола тұра, жұбайы Ш. қасақана дене жарақатын салып, денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына әкеп соққан.

Сотта жәбірленуші Ш.-дан ҚР ӘҚБК 73-1 бабы 1 бөлігімен азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік істі қысқарту туралы өтініш келіп түсті. Азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу ҚР ӘҚБК 73-1 бабының 1 бөлігімен тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

 

Ертіс аудандық сотының Баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқыңыз