Бүгін: 22 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

"Сот актілерін орындау" тақырыбында семинар сабағы»

Басты Хабарландыру Ертіс аудандық соты "Сот актілерін орындау" тақырыбында семинар сабағы»

2018-12-21

Ертіс аудандық сотында "Сот актілерін орындау"тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Т. Т. Мағауов және сот мамандары қатысты.  

          Т.Т.Мағауов қатысушыларды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 5 наурыздағы өкімімен бекітілген аудандық және оған теңестірілген сотта іс жүргізу ережелерінің талаптарында қолданылатын негізгі ұғымдармен, атап айтқанда сот актілерін орындау және олардың орындалуын бақылау тәртібімен таныстырды.

          Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексінің нормалары, құжат айналымын қамтамасыз ету бойынша жалпы талаптар және іс жүргізуді ұйымдастыруға басшылық жасау, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тіркеу және тарату ережелері, шығыс хат-хабарларды ресімдеу және қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындауға жүгіну талқыланды.Өз сөзінде Т. Т. Мағауов сот мамандарының назарын сот актілерін уақытылы орындау талаптарын мүлтіксіз сақтауға аударды.

 

Ертіс аудандық сотының Баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқыңыз