Бүгін: 22 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Басты Хабарландыру Ертіс аудандық соты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды

2018-11-29

Ертіс  аудандық сотымен Ресей Федерациясының азаматшасы Ц-ға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

2018 жылғы 6 қарашада анықталғандай, Ресей Федерациясының азаматшасы Ц. 2018 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасына келіп, уақытша тіркеуге тұрмай, осы уақытқа дейін Ертіс ауданында тұрған.

Сот отырысында аз.Ц. кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасында туғанын және тұрғаның қазіргі уақытта туған анасы Қазақстанда тұратынын, өзі оның халын білуге келгенін, заңды білмегендіктен тіркелмегенін түсіндірді.

 Соттың қаулысымен оған айыппұл түріндегі 25252 теңге сомасында әкімшілік жаза тағайындалды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Баспасөз қызметі

Ертіс аудандық сотының төрағасы

Сондай-ақ оқыңыз